Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет127/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Тозақ азабы 
Әбу Дәуіт, Нәсаи және Тирмизи риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай 
баяндайды: «
Алла пейіш пен тозақты жаратқан сәтте Жәбірейілді пейішке жіберіп: 
«Пейіш пен пейіштегілер үшін дайындағандарымды көр!» – дейді. Жәбірейіл 
барып пейіш пен пейішке кірушілерге дайындалғандарды көріп, Аллаға: «Ұлылығыңа 
ант етейін, оныестіген кісінің бәрі пейішке кіргісі келеді
», 
– деп айтты. 
Алла пейішке бұйрық бергенде көңілге жақпайтын нәрселерге оралды. Содан соң 
Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып пейішке кірушілерге дайындағандарымды 
көр!» – деді. Жәбірейіл барып көңілге жақпайтын нәрселерге куә болып, Аллаға: 
«Ұлылығыңа ант етейін, ол жайға ешкім кірмесе керек деп ойлаймын», – деді. 
Сонда Алла Тағала Жәбірейілге: «Тозаққа барып, тозақты және тозақыларға 
дайындағандарымды көр!» – деді. Жәбірейіл (а.с.) барып тозаққа қараса, толқын-
толқын болып оралып жалындап күйіп жатады. Қайтып келіп: «Ұлылығыңа ант етейін, 
оны естісе, ешкім ол жерге кірмейді!» – деді. 
Алла тозаққа бұйрық бергенде, ол құмарлықты қоздыратын нәрселермен оралды. 
Содан соң Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып қарашы!» – деп еді, Жәбірейіл 
тозақты қайта көріп: «Ұлылығыңа ант етейін, ол жерге кіргісі келмеген кісі жоқ шығар 
деп қорқамын», – деді». 
Имам Ахмад, ибн Мажа, ибн Хиббан және Хакимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «
Уайл – тозақтағы біршұңқыр дала. Кәпір оның түбіне түскенге шейін қырық 
жыл өтеді
»
430
 
деп айтқан. Осы хадис Тирмизидің риуаяты бойынша: «
Уайл – 
екі таудың ортасындағы өте шұңқыр дала. Кәпір оның түбіне жеткенге 
шейін жетпіс жыл өтеді
», 
– деп айтылған. 
430
 
Ахмад, 75; Тирмизи, 3164. 
Тирмизи мен ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
сахабаларына: «
Қайғы құдығынан (не даласынан) Аллаға сиыныңдар
», 
– деп айтады. 
Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, қайғы құдығы (не даласы) деген не?» 
– деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «
Ол – тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан 
қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан сұрайды. Ол жай елкөрсіндік үшін Құран 


167 
оқығандарға дайындалған. Алланың ең қатты қаһарына қалатындар – елкөрсіндік 
үшін Құран оқығандар, залым патшаларды зиярат қылғандар
», 
– деді. 
Табаранидің жазғанына қарағанда: «Тозақта тозақтың өзі одан қорғауды күніне төрт 
жүз мәрте Алладан сұраған бір дала бар. Ол жер әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетінің 
екі жүзділері үшін дайындалған», – деп айтылады. 
Ибн Әбу Дуня риуаят еткен хадисте: «
Тозақта жетпіс мыңдала бар. Әр даланың 
жетпіс мың тармағы бар. Әр тармақтажетпіс мың үй бар. Әр үйдің жетпіс мың 
бөлмесі бар. Әр бөлмеде жетпіс мың құдық. Әр құдықта жетпіс мың қорқынышты 
жылан бар. Әр жыланның ауыз қуысында жетпіс мың шаян бар. Ешбір кәпір, ешбір 
мұнафық бұл жерлерге түспей қалмайды
». 
Тирмизи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тозаққа 
лақтырылған үлкен тас жетпіс жылда да түбіне жетпейді
», 
– деген. 
Әзірет Омар (р.а.): «Тозақты көп еске алыңдар. Шынында, оның ыстығы қатты, түбі 
шұңқыр және тоқпақтары темірден», – деп айтқан. 
Баззар, Әбу Йағла, Мұхаммед ибн Хиббан және Байхақи риуаят еткені бойынша, 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер тозаққа бір тас лақтырылса, оның түбіне түскенге шейін 
жетпіс жыл өтеді», – деген. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, Әбу Һурайра айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.) бірге отырып, ауыр нәрсе жерге түскенде шыққан үндей дыбыс естідік. Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Бұл ненің дыбысы екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла 
және Оның Елшісі біледі», – дедік. Ол: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет