169
Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін
өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын
жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда,
оларға бетті қарып күйдіріп жіберетін балқыған темір іспетті су беріледі. Ол
қандай жаман сусын еді! Сондай-ақ жаһаннам қандай жаман тұрақ (орын) еді!
»
434
434
«Кәһф» сүресі, 29.
Ахмад ибн Ханбал мен Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«
Ғассақтан бір шелек жер бетіне төгілсе, бүкіл дүние жүзін сасытып жібереді
»,
–
деген.
Ғассақ – «
Олардың сыбағасы, міне, осы, ендеше, ондағы қайнақ су мен қою
іріңді әбден татсын
»
435
деген аят пен «
(Тататындары) тек қайнаған су мен ірің
ғана
»
436
деген аятта аталған қан-ірің.
435
«Сад» сүресі, 57.
436
«Нәбә» сүресі, 25.
Бұл ірің туралы түрлі көзқарастар бар. ибн Аббастың айтуы бойынша, ол «кәпірдің
терісінен сарығып аққан сары су», басқалардың көзқарасы бойынша: «кәпірлердің
сасыған іріңдері».
Кәғбул Ахбардың айтуынша, ол – тозақтағы бір көл. Ол жерге жылан, шаян және
соған ұқсаған улы жануарлардың улары ағып жиналады. Содан соң кісілер әкелініп,
сол сұйықтыққа бір-ақ мәрте салынып алынғанда терілері сылынып, еттері
сүйектерінен айырылып, тізесі мен қызыл асығынан төмен салаңдап, пенде киімін
сүйретіп басқан секілді жерге сүйретіледі.
Тирмизидің айтуы бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Достарыңызбен бөлісу: