163
Егер пенде намазын қаза қылып оқыса, бұл намаз қараңғылыққа оранған жағдайда
көкке көтеріліп, барар жеріне жеткенде ескі шүберек сияқты иесінің жүзіне
лақтырылады», – деген.
Әбу Дәуіт риуаят еткен бір хадис бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла үш кісінің
ғибадатын қабыл етпейді
» деп, уақытын өткізіп оқылған намазды да солардың
арасына қосады.
Тағы бір риуаят етілген хадисте: «Кім бес уақыт намазды толығымен кемшіліксіз
оқыса, Алла оған бес түрлі нығмет береді. Олар:
1. Алла оны тұрмыс қиыншылығынан құтқарады.
2. Қабір азабынан құтқарады.
3. Амал дәптері оң жағынан беріледі.
4. Сырат көпірінен найзағайдай тез өткізеді.
5. Сұрақсыз пейішке кіргізеді.
Кім намазға немқұрайды қараса және оқымаса, оған он бес жаза бар.
Бұлардың
бесеуі бұл дүниеде, үшеуі өлім сәтінде, үшеуі қабірде, үшеуі қайта тіріліп қабірден
тұратын кезде.
Бұл дүниедегі жазалары:
1. Өмірі берекесіз болады.
2. Жүзінің нұры жоғалады.
3. Алла оның жасаған істерінің сауабын бермейді.
4. Қылған дұғасы қабыл болмайды.
5. Тақуа кісілердің дұғасындай дұға оған нәсіп болмайды.
Өлім сәтіндегі жазалары:
1. Қор болып өледі.
2. Аш болып өледі.
3. Шөлдеген жағдайда өледі. Оған бүкіл теңіздердегідей су ішірілсе де шөлі
басылмайды.
Қабірдегі қиыншылықтары:
1. Қабір оған тарлық қылады. Қабірде қабырғалары қысылады.
2. Қабірде от жағылып, оттың шоқтары тасқа айналады.
3. Қабірінен Шужа деген ысқырығы күшті жылан шығады. Ол жыланның көздері
жалыннан, тырнақтары темірден. Әрбір тырнағының ұзындығы бір күндік қашықтықтай
ұзын. Ол жылан өлікке: «Мен күш-қуатты Шужамын.
Жаратқан Ием оқымаған таң
намазыңның жазасына сай күн шыққанға шейін сені шағуымды бұйырды. Оқымаған
бесін намазыңның жазасына сай екінті уақытына, оқымаған екінті намазың үшін
ақшамға шейін, оқымаған ақшам намазың үшін құптанға шейін, оқымаған құптан
намазың үшін таң атқанша шағуымды тапсырды».
Жылан әр мәрте шаққанда оны
жерге жетпіс кез
428
кіргізіп қояды. Бұл азап қияметке шейін жалғасады.
428
Ұзындығы 0,71 метрге тең болған өлшем
Қабірден тұратын кездегі азаптар:
1. Сұрағы қатты болады.
2. Алланың қаһарына ұшырайды.
3. Тозаққа түседі».
Басқа бір риуаят бойынша: «Намазға немқұрайды қарап, оны оқымаған кісі қиямет
күні маңдайында үш қатар жазумен келеді: бірінші қатарда «Ей, Алланың ақысын жоқ
қылған!» деген жазу; екінші қатарда «Ей, Алланың қаһарына қалған» деген жазу;
үшінші қатарда «Сен дүниеде Алланың ақысын қалай жоқ қылсаң, бүгін оның
мейірімінен солай құр қаласың» деген жазу болады».
164
Хадисте айтылған жазалар он беске жетпей, он төрт болып қалды. Хадисті риуаят
еткен кісі біреуін ұмытқан болуы ықтимал.
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні
болғанда бір кісі әкелініп, Алланың алдына тұрғызылады. Алла оны тозаққа
лақтыруды бұйырады. Ол кісі: «Уа, Жаратқан Алла, не үшін тозаққа лақтырасың?»
– деп сұрайды. Алла Тағала оған: «Намазды уақытынан кешіктіргенің және Менің
атымнанжалған ант ішкенің үшін», – деп жауап береді
»,
– деген.
Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына: «
Уа, Жаратқан Алла,
біздің арамыздан ешкімді құр қол және бақытсыз қыла көрме!» деп дұға қылыңдар
дегеннен кейін «Құр қол және бақытсыз дегендер кімдер екенін білесіңдер ме?
»
– деп
сұрады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деді.
Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «
Олар – намаз оқымағандар
»,
– деп жауап берді.
Риуаятқа қарағанда, қиямет күні бірінші болып намаз оқымағандардың жүздері
қараяды. Тозақта жыландарға толған «Ламлам» атты дала бар. Әрбір жылан түйенің
мойнындай жуан және бір айлық қашықтықтай ұзын. Ол жыландар намаз
оқымағандарды шаққанда уы олардың денесінде жетпіс жыл қайнап, ақыры еттерін
шірітіп түседі.
Исраилұлдарынан бір әйел Мұсаға (а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, үлкен күнә
жасадым, бірақ тәубе келтірдім», – дейді. Мұса (а.с.): «Қандай күнә жасадың?» – деп
сұрағанда, анау әйел: «Уа,
Алланың пайғамбары, зина жасағанмын. Одан туылған
баланы өлтірдім», – деп жауап береді. Соған ашуланған Мұса (а.с.) әйелге: «Жоғал, ей
зинақор! Болмаса, сенің күнәң үшін көктен от жауып, бізді өртейді», – дейді. Әйел
қапалы күйінде үйіне қайтады. Дәл сол сәтте Жәбірейіл (а.с.) түсіп, Мұсаға (а.с.): «Алла
саған: «Уа, Мұса, күнәсіне тәубе жасаған әйелді неге қуып жібердің? Одан да жаманын
көрген емес пе едің?» – деді. Мұса (а.с.) Жәбірейілден: «Одан да жаманы кім?» – деп
сұрады. Жәбірейіл (а.с.): «Еш себебі жоқ бола тұра намаз оқымаған кісі», – деп айтты.
Риуаяттарға қарағанда, көне заманда біреу қарындасын жерге бергенде мазардың
ішіне қапшығын түсіріп алады. Мазардан қайтарда қапшығы қабірде қалғанын байқап,
ел кеткеннен кейін мазарды қазады. Бірақ мазардың ішінде от жанып жатқанын көріп,
топырақпен қайта жауып қояды. Үйіне келіп анасынан: «Анашым, маған
қарындасымның жасаған істері туралы айтып берші», – деп сұрайды. Әйел: «Ұлым,
неге сұрап жатырсың?» – дегенде, ана кісі: «Оның мазарында от жанып жатқанын
көріп, содан сұраған едім», – дейді. Мұны естіген анасы жылай: «Ұлым, қарындасың
намазға немқұрайды қарады және уақытында оқымаушы еді», – деп жауап береді.
Намазды өз уақытында оқымағанның
жағдайы сондай болса, мүлдем намаз
оқымаған кісінің қандай болатынын өзің ойлап көр.
Алла бізге намазға ден қойып, уақытында және кемшіліксіз оқуды нәсіп қылсын. Ол
жомарт, мейірімді, кешірімді және қайырымды.
Достарыңызбен бөлісу: