Имам ғазали жүректің сырлары


Кішіпейілдік және қанағатшылдық



Pdf көрінісі
бет143/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Кішіпейілдік және қанағатшылдық 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жарлы бола тұра кішіпейіл бола алған, жинаған дүниесін 
Алланың бұйрығына сай қолданған, әлсіз, мұқтаждарды бауырына басқан және білімді 
кісілермен бірге жүріп-тұрғандарға сүйінші! (ақырет бақыты бұйырады)»
464
 
деген. 
464
 
Байхақи, 4/182; 
Риуаятқа қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше кісімен бірге үйінде тамақ жеп 
отырған. Кенет есік алдына бір қайыршы келіп қалды. Оның бүкіл бойы жиіркенішті 
ауруға шалдыққан еді. Оған ішке кіруге рұқсат берілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны 
отырғызды да, «Кел, тамақтан же», – деді. 
Сол сәтте құрайыштық біреудің одан жиіркенгені байқалды. Кейін сол құрайыштық та 
дәл осындай ауруға шалдықты. 


184 
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Жаратқан Ием екі нәрсенің – құл пайғамбар не 
патша пайғамбар болудың бірін таңдау еркін берді. Қайсыбірін таңдауды біле 
алмадым. Періштелерден жан досым Жәбірейіл бар еді. Басымды көтеріп қарасам, ол 
маған: «Жаратқан Иеңнің алдында кішіпейіл бол», – деді. Сонда мен: «Құл пайғамбар 
болғым келеді», – дедім». 
Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Ұлылығыма тағзым қылып, жандыларымның алдында 
менменсінбеген және әрдайым шын жүрегімен Менен қорқып жүргендердің намазын 
қабыл алам», – деп білдірді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Ұлылық – тақуалық, абырой – кішіпейілдік және 
анық сенім – байлық»
465

465
 
Итхафус сада, 8/352. 
Иса (а.с.): «Бұл дүниеде кішіпейіл болғандарға сүйінші! Ақыретте тақтардың иелері 
солар. Бұл дүниеде адамдарды татуластырғандарға сүйінші! Қиямет күні «Фирдаус» 
пейіші оларға беріледі. Бұл дүниеде жүрегі таза өмір сүргендерге сүйінші! Қиямет күні 
Алланы солар көреді», – деп айтқан. 
Бір ғалым былай дейді: «Естуімше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Алла Тағала пендені 
Ислам жолына салып, жүзін сұлу, мансабын ұлы қылып, мұнымен бірге оған 
кішіпейілдік берсе, ол – Алланың ең өзгеше құлдарынан болады», – деп айтқан». 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла Тағала мына төрт нәрсені Өзі сүйген пенделеріне 
ғана нәсіп қылады: 
1) Аз сөйлеу. Бұл – ғибадаттардың басы, 
2) Аллаға сену, 
3) Кішіпейілдік, 
4) Дүниеге беріліп кетпестік». 
Риуаятқа қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) дастарханда отырғанда 
басында қатып қалған жарасы бар адам келіп қалды. Ол кімнің жанына отырса, 
орындарынан тұрып кетіп жатты. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жанына келіп 
отырып: «Адам түр-тұрпатын жағымсыз көрсеткен кемшілігімен өзінің тәкаппарлығын 
жойғанын жақсы көрем», – деді. 
Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларға: «Неге сендерде ғибадаттың ләззатын көре алмай 
жатырмын?» – дегенде, сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ғибадаттың ләззаты деген 
не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Кішіпейілдік», – деп жауап берді. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Үмбетімнің кішіпейілділерін көрсеңдер, сендер де оларға 
кішіпейіл мәміле жасаңдар. Егер үмбетімнің тәкаппарларын көрсеңдер, сендер де 
оларға абыройлы мәміле жасаңдар. Бұл мәміле оларды сабасына түсіреді»
466

– деген. 
466
 
әл-Фауаидул мажмуға, 253. 
Қанағатшылдық туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің ұлылығы – басқаларға 
мұқтаж болмау», – деген. Қанағатшылдықта біреудің қолына қарамастық және ұлылық 
бар. Міне, сондықтан «Біреуге тоқпейіл мәміле жасасаң, сол кісідей боласың. Кімнің 
қолына қарасаң, оның құлы боласың. Кімге жақсылық жасасаң, оның төресі боласың. 
Мұқтаждығыңды қамтамасыз еткен аз нәрсе сені шектен шығарған көп нәрседен 
жақсырақ», – деп айтады. 
Бір данышпан: «Қанағатшылдықтан өткен байлық және сұғанақтықтан өткен кедейлік 
көрмедім», – деген. 
Данышпандар: «Ұлылық – жарасымды киімде емес», – дейді. Өйткені киім-кешекке 
қызыға беру және әсемдік, әшекей пендені алдатады. Бұл дүниеге көңілі ауып, діни 
міндеттеріне немқұрайды қарай бастайды. Мұндай кісі тәкаппарланып кетуі ықтимал. 


185 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет