243
Бара ибн Азиб: «Пайғамбарымыз адамдардың ең сымбаттысы және мінезі ең
жақсысы еді», – деп айтады.
Әбу Сағид әл-Худридің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан
Алла, дене-тұрпатымды сымбатты қылып жаратқандай мінезімді де жақсы қыла көр!»
– деп дұға қылды.
Абдулла ибн Омар баяндайды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, Сенен
денсаулық, амандық және жақсы мінез тілеймін» деп көп дұға қылды».
Әбу Һурайраның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің діні – оның
абыройы, тегі, жақсы мінезі, адамгершілігі және ақылы», – деген.
Усама ибн Шарик: «Бәдәуилер Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Пенделерге берілген
нәрселердің ең жақсысы не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы мінез», –
деп жауап бергеніне куә болған едім», – дейді.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың және менің сүюіме
арзитындарың – мінез-құлқы ең жақсы болғандарың», – деп айтады.
Абдулла ибн Аббастың (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Сол үш өзгешеліктің үшеуі де не біреуі кімде жоқ болса, оның ешбір ісін есепке
алмаңдар:
1) Алланың бұйрығына қарсы шығудан сақтаған тақуалық.
2) Ақылсызға шыдар байсалдылық.
3) Адамдармен жақсы түсінісіп өмір сүре алатын жақсы мінез».
Алла Елшісі (с.а.с.) намазында: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жақсы мінез нәсіп қыла
көр. Сенен басқа ешкім мені оған жеткізе алмайды.
Уа, Жаратқан Алла! Мені жаман мінезден алыс қыл. Сенен басқа ешкім мені одан
сақтай алмайды» деп дұға қылды.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Әсемдік неде?» – деп сұрағанда: «Әсемдік жылы сөз,
жылы жүз және күлімдеуде болады. Кім адамдарды жағымды қарсы алып, оларға
жақсы мәміле жасаса, оның ешкімге ауырлығы тимейді және оның бір туыстық мәмілесі
мақталады», – деп жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: