Имам ғазали жүректің сырлары


Ақ-қараны айырмаудың зияны



Pdf көрінісі
бет166/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Ақ-қараны айырмаудың зияны 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Үмбетім денедегі киімдер ескіргендей жүректе Құран көнерген 
заманға тап болады. Алладан қорықпағанымен жасаған істерінен үміт етеді. Жақсы іс 
жасаған пенде: «Бұл ісім қабыл болады», – десе, күнә жасаған кісі «Бұл кешіріледі», – 
дейді», – деген. 
Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ол уақыттағы кісілер Құран Кәрімнің азап туралы 
хабар берген аяттарын білмегендіктен, Алладан үміт еткенмен Одан қорықпай 
қалады», – демекші. 
Тап сондай жағдай Алла тарапынан христиандар туралы да білдірілген: «Содан 
олардың орнын қайырсыз, нашар ұрпақ басып, Кітапқа (Тәуратқа) мұрагер болды. 


235 
Алайда олар оны (қалауларына қарай бұрмалап) мына қу дүниенің баянсыз әрі 
болмашы бұйым-боқшасына айырбастайды һәм содан кейін: «Қайткен күнде де, 
күнәларымыз кешіріледі (өйткені біз Алланың таңдаулы да сүйікті құлдарымыз)», – деп, 
өз-өздерін алдайды. Сондай-ақ олар дәл сондай дүние-мүлік (жемқорлық, өсім, құмар 
ойындары сынды заңсыз жолдармен) келсе, оны да міз бақпай ала береді. Сонда 
олардан Алла жайлы ақиқаттан өзге еш нәрсе айтпайтындығына қатысты 
қолдарындағы Кітаптың үкімі бойынша, берік уағда алынбап па еді?! Һәм олар сол 
Кітаптың ішіндегілерді қайта-қайта оқып, өзгелерге де оқытпап па еді?! Әйтсе де, 
ақирет мекені Аллаға қарсы келуден барынша сақтанып, тақуалық аясында өмір 
сүретін жандар үшін әлдеқайда қайырлы. Әлі де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар 
ма?!»
569
 
569
 
«Ағраф» сүресі, 169. 
Алла Тағала Құранда: «Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына 
баратын күнді ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар»
570
 
570
 
«Рахман» сүресі, 46. 
«Сөйтіп, олардан кейін ол жерге сендерді орнықтырамыз. Міне, бұл жетістік Менің 
құзырыма (күнәһар болып) келуден қорыққан және ескертуімнен (яғни, ескерткен 
нәрселерімнен) тайсалғандар үшін»
571
 
деп айтқан. 
571
 
«Ибраһим» сүресі, 14. 
Құран Кәрімде ескертуші және қорқытушы аяттар көп. Жақсылап ой жүгірткен кісі егер 
оның ішіндегілерге сенсе, ұзақ уақытқа шейін өзі туралы қайғыға батып, қорқады. 
Адамдар Құран Кәрімді оқиды. Оның әріптерін дұрыстап оқуға әрекет жасайды. Бірақ 
арабша жыр оқып жатқандай мән бермейді. 
Бұл дүниеде бұдан өткен алдану бар ма? Осыған ұқсаған алданулардың тағы бірі – 
күнә да, сауапты іс те жасап, күнәлардың кешірілуін күтіп жүру. Бұл неткен надандық! 
Қарасаң, кейбір кісілер арам-адал араласқан ақшасынан бірнеше тиын садақа беріп, 
екінші жағынан берген садақасынан бірнеше есе көп байлықты не күмәнді кірісті өз 
мүлкіне өткізіп алады. Мұндай кісілердің кейбірі «Жақсы істеріміз жасаған 
күнәларымызға қарағанда басым» деп ойлайды. Өйткені өз-өзін сұраққа алмайды. 
Жасаған күнәларын тексермейді және еске алмайды. Ал енді бір жақсы іс жасап қойған 
болса, оны ұмытпайды, соған сенеді. 
Мысалы, бір кісі Алладан кешірім сұрап күніге жүз рет жалбарғанымен, оның 
артынша-ақ мұсылмандар туралы өсек таратып, олардың абыройына күмән келтіреді 
және ертеден кешке шейін Алла разы болмаған сөздерді сөйлейді. Аллаға қылған 
дұғаларына сенеді де, жасаған күнә істеріне мән бермейді. Шынында, жасаған 
күнәлары айтқан тасбихтерінен жүз, бәлкім, мың есе асып түседі. 
Хатшы періштелер олардың жаман сөздерін жазып тұрады. Пенденің аузынан жаман 
сөз шыққанда Алла оны ескертіп: «Сондай-ақ адам баласының аузынан нендей сөз 
шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып 
тұратын бақылаушы періште бар»
572
 
деп айтады. 
572
 
«Қаф» сүресі, 18. 
Бірақ ол тағы да айтқан тасбихтерінің сауабынан үміт етіп, соған сенеді. Өсекшілерге, 
өтірікшілерге, сөз тасушыларға, іші-тысына ұқсамаған екі жүзділерге және басқа 
күнәһарларға берілетін жазаларды еске алмайды. Міне, сол жағдай үлкен алдану 
болып саналады. 
Егер сауап-күнәларды жазушы періштелер бұл кісінің кемшіліктерін және айтқан 
тасбихтерінен шектен тыс жаман сөздерін жазғаны үшін ақы сұраса, пенде бір сөз 
айтудан да сақтанып, періштелердің жазған ақылары көбейіп кетпесін деп аузынан 
шыққан сөздерін де санар еді. 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет