64
«Масабих» атты кітапта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «
Пенде зина жасағанда иманы
жүрегінен шығып, көлеңке секілді төбесінде асылып тұрады да, зина ісі біткеннен
кейін пенденің жүрегіне қайтып келеді
» деген сөзі жазылған.
«Китабул-иқнада»
деген
кітапта
Пайғамбарымыздың
(с.а.с.):
«
Алланың
алдында еркектің некесі жоқ әйелдің жатырына ағызған бір тамшы ұрығынан
үлкен күнә жоқ
» деген сөзі бар.
Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы болса зинадан да өткен үлкен күнә. Әнәс ибн
Мәликтен риуаят болған бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Еркекпен жыныстық
қатынаста болған еркек пейіштің иісін де сезбейді. Ал пейіштің иісі бес жүз
жылдық қашықтықтан сезіледі
»,
– деген.
Отбасылы әйелді құмарлана сүйген кісі жетпіс қызбен зина жасағандай болады. Бір
қызбен зина жасаған кісі жетпіс мың жесір әйелмен зина жасағандай болады.
Қалби «Раунақут-тәпсір» атты кітапта былай деп жазылады: «Алғашқы жолы еркек
пен еркектің жыныстық қатынасын Лут қауымына Ібіліс үйреткен. Оларға сүйкімді жігіт
бейнесінде көрініп, еркектерді жыныстық қатынасқа шақырды. Бұл азғырумен кейбір
еркектер онымен жақындасты. Сөйтіп, еркектің еркекке жақындасуы лас әдетке
айналды және жат еркек көрген сайын оған жақындасуға әрекет жасай бастасты.
Сонда Алла Тағала оларды бұл жамандықтан қайтуға және пұттарға сиынудан бас
тартып Аллаға құлшылық жасауға шақыру үшін Лұтты (а.с.) пайғамбар қылып жіберді.
Лұт (а.с.) оларды бұл істен тыйып, Аллаға ғибадат жасауға шақырды. Күнә істерін
жалғастыра берсе, Алланың азабы келерін айтып ескертсе де, оның елі бұл насихатты
тыңдамай, «Егер айтқаның шын болса, бізге Алланың азабын алып кел», – деді. Басқа
шара қалмағанына көзі жеткен Лұт пайғамбар Алла Тағалаға дұға қылып: «Уа,
Жаратқан Ием, бұл күнәһарларды жеңіп шығуды нәсіп қыл», – деп жалбарды.
Алла Тағала олардың басына тас жаудыруды көкке бұйырды. Әрбір таста оның кімге
тиері жазулы еді. Аятта сол жауған тастар туралы баяндағанда «Алланың
алдында
белгі қойылған» деген сөздің қолданылуы – осы шындықтың дәлелі. Яғни тастардың
әрбірінде Алланың өзгеше белгілері бар еді.
Риуаяттарға қарағанда, Лұттың (а.с.) қауымынан бір саудагер кісі сол сәтте Меккеде,
Қағбаның ішінде сауда-саттықпен айналысып жүрген. Көктен түскен бір тас келіп сол
саудагерге тиетін кезде, періштелер «Келген жеріңе қайтып кет, бұл кісі қазір Алланың
қорғауында», – деді. Сол тас Қағбаның сыртында, аспан мен жердің ортасында қырық
күн ауада қалқып тұрды да, ол саудагер Қағбадан шығысымен басына тиіп, оны жоқ
қылды.
Әзірет Лұт (а.с.) өз қауымының апатқа ұшырайтынын білісімен,
әйелін және өзіне
иман келтірген кісілерді жинап, ауылдан шықты. Ол
өзіне еріп келе жатқандарды
артына қарамай жүруін ескертті. Әйелі ғана бұл бұйрыққа бас имей, ауылдың апатқа
ұшырағанын естісімен «Уа, елім!» деп артына қарағанда, бір тас келіп басына тиіп, жан
тәсілім болды.
Мужаһид (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Сол күні ертемен Жәбірейіл (а.с.) бұл
адасқандардың өлкесіне келіп, ол аймақта өмір сүрген елімен қоса қанатымен сүзіп
алып, көкке көтеріп шығып кетті. Содан соң қайта оларды жерге тастап тас-талқанын
шығарды.
Олардың басына келген бәле ешбір халыққа келген емес.
Алла Тағала әуелі
олардың көздерін соқыр қылып, содан соң өлкесін жермен-жексен қылды. Бұл жерде
Содом бас болған бес аймақ бар еді. Құран Кәрімде «Бараәт» сүресінде баяндалған
апатқа ұшыраған жерлер солар еді. Ол уақыттарда бұл аймақта 4 миллиондай
адамның өмір сүргені айтылады.