7.2. ҚХР-мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту
Біз экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасымен екіжақты шарттарды іске асыруды жалғастыра береміз. Қазақстан осы серпінді дамып келе жатқан елмен өзара тиімді байланыстар орнатудан басқа балама жоқ екенін негізге алады. Экономикалық ынтымақтастық халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үнқатысумен бекемделуге тиіс.
Біз сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде, сондай-ақ екіжақты нақты бастамалар мен уағдаластықтар негізінде көші-қон және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі саясатты үйлестіру ниетіндеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |