7) Қимылдың батыл жасалу тәсілі
Мысалы:
Соңымнан қаламысың, жоқпысың! - деп қамшысымен бастан тартып жіберді (М.Ә.).
Бар естігенін жұрттың көзінше айтып салды(Қ.Исабаев).
8) Қимылдың бейімділік тәсілі
Қимылдың жасалуға дайын екенін, субъектінің қимылды жасауға бейімделгенін қимылдың бейімділік тәсілі білдіреді:
(гүл) ашылайын депті, ұйықтайын деді, түсінейін деді т.б.
Мысалы:
Көктем айында күн ашылайын деп, жер құрғайын деді (С.М).
Қимылдың бейімділік тәсілі -йын, -йін, -айын, -ейін де форманты арқылы жасалады.
9) Қимылдың бағыт-мақсат тәсілі
Қимылды субъекті өзі үшін я басқалар үшін жасауын білдіру қимылдың бағыт-мақсат тәсіліне жатады:
оқып ал, біліп ал, үйреніп ал т.б.
Ал, айтып бер, оқып бер т.б.
Деген етістіктердегі қимыл субъектіден, сөйлеушіден басқаға бағытталған.
Бұл тәсіл-п ал, -п бер форманттары арқылы жасалады.
10) Жайбарақат қимыл тәсілі
Мысалы:
”Мақұл, келісе жатармыз” дегендей, басын сәл изеді де, әңгіме төркінін басқаға бұрды(Ш.Жиенқұлова).
Достарыңызбен бөлісу: |