Иммобилизация əдістеріне баға бергенде алынатын биокатализатордың үш сипаты есепке алынады:
1) иммобилизация кезінде белсенділігінің жоғалуы. Иммобилизациядан кейін ферменттің белсенділігі бастапқымен салыстырғанда төмендейді.
2) биокатализатордың тұрақтылығы. Бұл фермент молекулаларының деградацияға қарсы туру қабілеті.
3) биокатализаторлардың белсенділігі. Бастапқы фермент қаншалықты белсенді болғандығына тəуелді. Ферментті биокатализаторға қаншалықты мол жəне жақсы «енгізуге» мүмкіндік болды.
Қолданылуы
Адам жүйесінің кей ауруларды емдеу үшін пепсин, трипсин, химотрипсин сияқты протеолиттік ферменттерді қолданады, оларды арнайы орынға жеткізу үшін иммобилизденген ферменттер өте қолайлы және тиімді.
Кең көлемде аминқышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрілер сияқты аса тапшы азық-түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданыла бастады. Ағаш ұнтағын, сабанды, мақта сабағын, өсімдік қалдықтарын глюкозаға айналдырады да, кейін одан жемшөптік белок немесе этил спиртін алады.
Иммобилизденген ферменттер арқылы L-аспарагин қышқылын 1974 ж. дейін алынған. Ферментативті синтез үшін бастапқы зат ретінде фумар қышқылы және аммиак колданылған, биокатализ бір кезеңді реакциядан тұрады — фермент қатысында аммиак молекуласы фумар қышқылының екі байланыстар орындарына қосылып, активті L-аспарагин қышқылын түзді.
L-аспарагин қышқылы
Иммобилизацияланған фермент препараттары