Дәстүрлі экономика- табиғат ресурстарымен шектеулі, кеңінен дәстүрлер мен ғұрыптармен байланысқан экономикалық жүйе. Экономиканың негізі ауыл шаруашылығы болып табылатын елдер. Мұндай елдерге Үндістан; Эфиопия; Непал; Мали жатады.
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекетменшік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалықжоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы болды.
29
«Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтамаберіңіз.
Ұлы Ақтабан шұбырындысы, Алқакөл сұламасы1723-1727 жылдары болды. XVIII ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі апатты оқиғалар.
Ашаршылықжылдарында қазақтар Жетісудыңбай жайылымдарынаайырылып,қонысаударудыңдәстүрлі бағыттары бұзылды. Сауда, қолөнер орталықтары құлдырады, мал саны күрт азайды.
Зар заман- ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің хан билігін жоюкезеңі. 1867-1868 жылдары реформалар енгізілгеннен және оның негізінде жаңа тәртіп орнатылғаннан кейін уақыт. Хан билігінің жойылуына байланысты халықтың саяси, экономикалық және руханиезгігеұшырағантарихиуақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің қиындықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды.