Индустрияландыру



бет15/19
Дата23.02.2023
өлшемі215,5 Kb.
#169937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
история билеты

Көші-қон халық санының, ұлттық құрамның өзгеруіне, оның облыстар бойынша бөлінуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, көші-қон ауыл мен қала халқының арақатынасын өзгертуде, әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен елдің қауіпсіздігі мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында Қазақстанда байырғы қазақ халқының пайызы төмен болды.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдың ерекшеліктеріне сәйкес белсенді көші-қон саясатын жүргізе бастады. 1992 жылғы маусымда көші-қон процесін заңнамалық ретке келтірудің құқықтық негіздерін қамтитын "Көшіп келу туралы" заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам еркін жүріп-тұруға, сондай-ақ тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ Қазақстанға қайтып оралуына құқығы бар.
56. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы мен дамуындағы рөлін талдаңыз. Ұлы Жібек Жолы-елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан , түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан , Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Ұлы Жібек Жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз- ең ірі қалалрдың бірі, Жетісудағы аса ірі сауда және әкімшілік орталығы-Суяб қаласы, транзиттік сауда орталығы Талхиз ( Талхир) және Алмалық, сонымен қатар Испиджаб(Сайрам), Отырар(Фараб) ,Түркістан (Йасы), Сауран деген қалалар орналысты. Жаңа қалалрдың пайда болуынан , Қазақстанның сауда қарым-қатынас аясы кеңейе түскен.
57. Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз. Қазақ жері Батыс пен Шығысты байланытстырып жатқан тоғыз жолдың торабы іспетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жер- керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығыстан шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жеткен. Ал Оңтүстіктен ҰЖЖ Орталық пен Батыс Қазақстанға өткен. Мысалы, Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Содан кейін ҰЖЖ екі тармаққа бөлінеді. Біріншісі, Испиджабтан Шашқа келіп, әрі қарай Батысқа аттанады. Ал екіншісі, Испиджабтан шығып Шымкентке қарай тармақтармен бөлінеді. Ұлы Жібек жолының бағыттары Арал теңізі бойымен, одан кейін Сырдария, Шу өзендерінің жағалауларымен Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына дейін бағыт алды.
Жалпы дегенде Жібек жолы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазаншұңқыры-Шығыс Түркістаннан өтті. Нақтырақ болса, Қазақстан аумағы арқылы елдің оңтүстігі арқылы сауда керуендері Қытай шекарасынан Сайрам, Яссы, Отырар, Тараз қалалары арқылы әрі қарай Орталық Азия, Персия, Кавказ және сол жерден Еуропаға өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет