«Инфекциялық аурулар» пәні бойынша «Жалпы медицина» факультеті 4 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары


Фразолидон орташа ауырлықта, нитрофурандарға жатады



бет4/5
Дата05.06.2022
өлшемі58,38 Kb.
#146038
1   2   3   4   5
Байланысты:
Инфекция экзамен 4 курс

Фразолидон орташа ауырлықта, нитрофурандарға жатады
Офлоксацин, ципрофлоксацин ауыр дәрежеде фторхинолондар
Ампициллин, левомицетин, тетрациклин, фторхинолондар
Диагноз: Жедел дизентерия
30 жастағы ер адам ауруының 7-ші күні курацияға қабылданған. Науқас дене қызуының 390С-қа жоғарылауына, бас ауыруына, ұйқысыздыққа шағымданады.Есі анық, әлсіз, тежелген. Сұрақтарға көңілсіз жауап береді.Тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері бәсеңдеген. Пульсі - 90 рет/мин. ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іші кепкен. Оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған, консистенциясы жұмсақ. Нәжісі сұйық, екі рет болған. Тәжікстаннан келген. Гемограммада: эр.- 4,6х1012/л, Нb - 128 г/л, лейк. - 2,2х10л, т/я-17%, с/я-52%, м.-6%, л.- 24%, СОЭ-25 мм/сағ. Қайндай зерттеу әдісі диагнозды нақты анықтайды? Серологиялық реакция; Диагноз: иерсиниоз
36 жастағы ер адам, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді, бас айналуына, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, көп рет ішінің өтуіне шағымданады. Екі күн бойы ауырып жатыр. Одан бір күн бұрын грильде піскен тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм с.б. Пульсі – 95 рет/мин. Іші жұмсақ, кіндік айналасында ауырады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, нашар иісті, жасыл түсті. Зәрі жоқ. Қандай дәріні алдымен тағайындау керек? сальмонеллез
44 жастағы ер адам терапевтке ауызының құрғауына, көзінің нашар көруіне, көз қабақтырының ауырлығына шағымданып келген. Кеше тойда болып көп ішімдік ішкен, әртүрлі тағам, тұздалған қияр, қызанақ, саңырауқұлақтар жеген. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз, страбизм байқалады. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсең. Пульсі - 118 рет/мин., ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы әлсіз. Қандай диагноз ықтимал? Ботулизм
25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, көп рет құсуға жәні ішінің өтуіне, шөлдеуге шағымданады. Кеше Үндістаннан келген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз. Жүрек тондары бәсеңдеген,пулсі - 105 рет/мин. ҚҚ – 80/60 мм с.б.,дауысы сырылдаған. Іші қабысқан, ауырмайды. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» тәрізді, иісі жоқ. Диагнозды дәледдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет