Информационное письмо


Екінші апта №2 дәрістің тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы



бет11/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

Екінші апта

2 дәрістің тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы



Терминдер мен анықтамалар

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады.



Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан құралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады.

Тіркескен күрделі етістіктер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады.

Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады.

Қосарланған етістіктер деп екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер аталады.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады. Туынды түбір етістіктер үшін екі морфема міндетті түрде қызмет атқарады. Оның бірі – негіз сөз, екіншісі – жұрнақ. Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық бірлік қызметін атқарады.

Етістік сөзжасамдық жұрнақтарға бай, олар алуан түрлі. Етістік жұрнақтары түрлі сөз таптарының сөздерінен туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, олар есім сөздерден етістік жасайтын және етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді.

Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар



-ла, -ле: қарала, ақта, көкте, қызылда.

-ар, -ер: көгер, ағар, бозар.

-ғай: сарғай.

-лан, -лен: әдемілен, жалқаулан, мазасыздан.

-тас, -тес: өштес, қастас.

-ар: ұзар, қысқар, жаңар, ескір.

-ық: молық, зорық, өшік.

-ал, -ел: оңал, сұйыл, тарыл.

-сы, -сі: босаңсы, пысықсы, ширақсы.

-сын, -сін: батырсын, білгішсін.

-қар, -кер: басқар, ескер.

-сыра, -сіре: қансыра, жетімсіре, ойсыра...

Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар

Етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар:

-ғы, -гі: сырғы, ызғы, кергі, түрткі.

-ла, -ле: үрле, бүкте, тістеле.

-қыла, -кіле: шапқыла, кескіле, тістеле.



-шы, -ші: тыншы, шапшы, тапшы.

-лық, -лік: көндік, илік, килік.

-жыра, -жіре: тұнжыра, болжыра...

Күрделі етістіктің жасалуы

Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Мысалы, кіріп шық, беріп кел, алып қайт. Күрделі етістіктердің бірнеше түрі бар: кіріккен күрделі етістіктер, тіркескен күрделі етістіктер, құранды етістіктер, қосарланған етістіктер, тұрақты тіркес етістіктер.

Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан құралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалы: әкет, әкел, әпер, апар.

Тіркескен күрделі етістіктер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары қызметіне қарай ауыспалы сыңар, тірек сыңар болып бөлінеді. Ауыспалы сыңар тіркескен күрделі етістіктің құрамында бірінші орында тұрады. Мысалы: алып кел, беріп кет, жинап ал, ойлап отыр. Тіркескен күрделі етістікте тірек сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, біліп бер, көріп кел, тыңдап отыр. Тіркескен күрделі етістіктің екі сыңары да сөзжасамдық бірлік, негіз сөз қызметін атқарады. Тірек сыңар болатын етістіктер мыналар: апар, әкел, әкет, бар, әпер, бер, біл, жат, жатыр, жөнел, жүр, жібер, кел, кет, қайт, қл, қой, қыл, отыр, өт, сал, соқ, таста, тұр, түс, шық.

Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл. Құранды етістіктердің негіз сөзі есім сөздерден болады. Тілде құранды етістік жасайтын белгілі көмекші етістіктер бар, олар көп емес. Олар: ет, қыл, бол, тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі ең өнімдісі – ет көмекші етістігі.

Қосарланған етістіктер деп екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер аталады. Қосарланған етістіктер сөйлемдегі негізгі қимылдың жай-күйін білдіреді. Мысалы, келіп-кетіп, ашып-жауып, жүріп-тұрып.

Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы, көзге түрткі болу, көзден ғайып болу, көзден бұл-бұл ұшу, зәре-құты қалмау, қара жер болу, көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт кигізу, инедейді түйедей ету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет