Информационное письмо



бет36/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

Қимылдың тездік тәсілі. Қимылдың тездік тәсілі қимылдың тез жасалуын білдіреді. Тілді бұл тәсіл - өнімді, көрсеткіштері көп, жиі қолданылатын тәсіл. Қимылдың тездік тәсілін білдіретін аналитикалық формантар мыналар: -а қал (айта қалды), -а қой (жасыра қойды), -а кет (жығыла кетті), -п кет (қысылып кетті), -п жібер (тастап жібер), -п таста (қағып таста), -п түс (тіліп түсті), -а сала (бара сала), -п сал (атып салды), -а түс (айқаса түсті), -п қоя берді (жылап қоя берді), -п кеп қал (итеріп кеп қалды), -п кеп жібер (періп кеп жіберді), -п кеп кет (құйылып кеп кетті), -п ала қой (тығып ала қой), -п жүре бер (құлпырып жүре берді), -п ала жөнел (қуып ала жөнелді), -п кеп қал (шаншып кеп қалды), -п кеп түс (оршып кеп түсті).

  • Созылыңқы қимыл тәсілі. Қимылдың жасалуының ұзаққа созылуын білдіретін тәсіл – созылыңқы қимыл тәсілі. Қимылдың жасалуы, ұзаққа созылуы, қайталануы, қимылдың жалғасуы, үстелуі, асығыссыздығы арқылы жүзеге асады. Қимылдың созылыңқы тәсілін мына форманттар білдіреді: -е бер (келе берді), -е түс (күте түс), -а тұр (қала тұр), -а отыр (айта отыр), -а жатар (айта жатар), -а жүр (айта жүрер), -п қал (отырып қалды).

  • Қимылдың жасандылық тәсілі. Жасалмаған қимылды жасағандай болып, керісінше, жасалған қимылды жасалмаған болып көрсетуге тырысу жасандылық тәсіліне жатады. Жасандылық тәсілі –ған бол аналитикалық тәсілі арқылы жасалады: күлген бол, қуанған бол, білген бол, жылаған бол, кеткен бол, асыққан бол, күткен бол.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет