Мекен мәнді жұрнақтар:
Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі жұрнақтар арқылы жасалады:
-қары, -кері: ішкері, тысқары, сыртқары, шеткері.
-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек, берірек, кейінірек.
-ай: жолай.
-ын: жырын. Ел ішінен жырын кеткен шіріген жұмыртқа десті.
Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен мәнді үстеу жасайды:
барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге.
Жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда, алшақта, әріде, алда, артта, сыртта.
Шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан, сыртынан.
Көмектес септік: бермен, әрмен.
Сын-бейне мәнді жұрнақтар:
Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:
-ша, -ше: балаша, адамша, қазақша, әлімше, бұрынғыша.
-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай, анадай, тікелей, бүгінгідей.
-тіндеп: біртіндеп.
-лықты: оншалықты, соншалықты.
-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп.
-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп, борандатып, жауындатып.
-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата, түнделете, үймелете.
-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін.
Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін жасайды:
барыс септік: зорға, босқа, текке, бірге, бекерге, жатқа, әзерге.
Жатыс септік: қапыда.
Шығыс септік: етпетінен, шалқасынан, бірден, келтесінен.
Көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, ретімен, қалпымен.
Достарыңызбен бөлісу: |