Күшейту мәнді жұрнақтар:
Күшейту мәнді жұрнақтар күшейту мәнді үстеулер жасайды.
-ша, -ше: онша, сонша, осынша, мұнша.
-ма: осыншама, соншама, мұншама, оншама.
-лық: осыншалық, соншалық, оншалық, мұншалық.
-ты жұрнағы –лық жұрнақты сөзге тіркесіп, мөлшер мәнін береді: оншалықты, мұншалықты, соншалықты, осыншалықты.
-лап, -леп: ондап.
Мақсат мәнді жұрнақтар:
-леп: әдейілеп.
-ақана: қасақана.
-а: жорта.
Бірігу арқылы үстеудің жасалуы:
Бұл тәсілмен жасалған үстеулер біраз топ құрайды. Олар төмендегі үлгілер бойынша жасалады:
зат есім+зат есім: жайбарақат.
Зат есім+сын есім: басыбүтін, әжептәуір.
Зат есім+сан есім: ауызекі.
Зат есім+үстеу: таңертең.
Кіріккен үстеулер:
есімдік+зат есім: биыл, бүгін, былтыр.
Зат есім+зат есім: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні.
Сын есім+зат есім: қоңылтаяқ, алагөбе.
Сан есім+үстеу: екіншәрі.
Үстеу+етістік: бүйтіп, сөйтіп, өйтіп.
Қосарлау арқылы үстеудің жасалуы: Үстеудің жасалымында бұл өте өнімді тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы жасалады:
негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу: енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі.
Негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу: кеше-бүгін.
Кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу: бүгін-ертең.
Туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді, ілгері-кейінді.
Негізгі түбір+туынды түбір: жол+жөнекей, көш-жөнекей.
Қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай, әәп-әзір, еп-ерте.
Достарыңызбен бөлісу: |