В тобы (III топ)
Осындай қанның құрамында В антигендері мен А антиденелері бар. Ағза 0 және В (I және II топ) қанын қабылдай алады.
АВ тобы (IV топ) «Әмбебап реципиент»
Осындай ағзада А және В антигендерінің екеуі де бар. Мұндай қаны бар адам кез келген топтағы қанды қабылдай алады, себебі оның қанында антиденелер жоқ.
Резус фактор Rh
Эритроциттердің бетінде резус факторға жауап беретін басқа антиденелердің белгілі бір тобы орналасуы мүмкін. Егер олбар болса, қан резусы оң Rh+ болады. Егер антиденелердің бұл тобы болмаса, резус теріс Rh-.
Қан резусы теріс адамдар тек резусы теріс қанды ғана қабылдай алады. Резусы оң адамдар екі түрін де қабылдай алады.
Осылайша, кез келген реципиентке құюға болатын ең «әмбебап» қан – резусы теріс 0 тобындағы қан (0(I) Rh-).
Қазіргі медицинада қанды тек өз тобына құю қажет деген қағидаты қолданылады. Бұл мақсатпен бүгінде көптеген жағдайларда қанның эритроциттік масса, лейкоциттік масса және т.б. сияқты құрамдас бөліктері ғана құйылады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды.
№ 17 дәрістің тақырыбы: Термиялық жарақаттар
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Термиялық жарақат: күйік және үсік
2. Күйік және үсік болған кездегі алғашқы көмек
Достарыңызбен бөлісу: |