Информационное письмо


Уланудың жіктелуі және интоксикация белгілері



бет52/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Уланудың жіктелуі және интоксикация белгілері. Улану – қандай да болмасын бір жолмен түскен химиялық заттың ағзаға зиян келтіруі. Егер у ағзаға ішек-қарын жүйесі арқылы енсе – бұл перальды улану; тыныс алу жолдары арқылы енсе – ингаляциялық улану; тері асты бұлшықеті ішілік, тамырішілік енсе – инъекциялық улану; тері арқылы енсе – перкутанды улану т.б. деп аталады. Улану кездейсоқ (тұрмыстық, азық-түліктік, медициналық,кәсіптік), әдейі қасақана (өзіне-өзі у салу) және улы жануарлар шағуынан болады.

Тұрмыстық улану күнделікті өмірде жиі кездеседі (жанған газбен улану, т.б.). Азық-түліктен улану тұрып қалған тағам түрлерін, балықты, етті, улы саңырауқұлақтарды, бұзылған консервілерді пайдаланғанда болуы мүмкін. Медициналық улану – дәрілік заттардың әсерінен, дәрілік заттарды шамадан тыс көп пайдаланғанда, сырқаттың дәрілік заттарға аса сезімтал бола тұра өздігінен ем алған кездерінде орын алады. Кәсіптік уланулар ағзаға әртүрлі шикізаттың, өндірістегі аралық және соңғы өнімдер мен қалдықтардың әсер етуі, бекітілген қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы кездерінде орын алады.

Удың әсері қанға түскенде, одан әрі тыныс алу кезінде күшті болады. Тері астынан енген, теріге тиген удың әсері баяу болады. Салмағы аз адамдардың улануы тез әрі күшті жүреді. Улану деңгейі сондай-ақ организмнің жағдайына, оның уға сезімталдығына байланысты.

Улану кезінде алғашқы көмек көрсету принциптері:



Уды денеден екі жолмен шығаруға болады: механикалық және химиялық. Механикалық тәсіл ішек-қарын жүйесін 0,5л марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шаюға, екі саусақты ауыз қуысына салып құсық шақыруға (тілдің түбін басу арқылы), ішекті клизма қою арқылы тазартуға негізделген. Уды химиялық залалсыздандыруды уды шығаруда механикалық әдісті қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Адамға егер қышқылмен уланса сода ерітіндісін ішкізеді, ал сілтімен уланса асханалық қышқылдардың (сірке, лимон) ерітінділерін, кейде қышқыл сүтті де ішкізуге болады. Перальды улану кезінде белсендендірілген көмір, ақ саз полифитат секілді сорбенттер пайдаланылады. Сорбенттер уды байланыстырп, қанға таралуына жол бермейді.

Перкутанды улануда теріні ағын сумен жуады (егер күкірт қышқылымен уланса жумайды, май жағып қояды), уды залалсыздандырып, дереу ауруханаға жеткізеді.

Ингаляциялық улану кезінде зардап шегушіні желді ауаға шығарып, реанимациялық көмек көрсетеді, «Жедел жәрдем» шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет