Информационное письмо


Интоксикация (улану) белгілері



бет53/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж., НАУРЫЗ РАСТЯЖКА
Интоксикация (улану) белгілері. Уланудың жалпы және жергілікті белгілерін жіктеуге болады. Уланудың жергілікті белгілері удың ағзаға ену жолдарына тәуелді болып келеді. Перальды улану кезінде ішек-қарын жүйесінің бұзылуы, құсу, жүрек айну, іштің қабынуы, іштегі, асқазандағы ауру, шөлдеу байқалады. Ингаляциялық улану кезінде ауа жетпеу, қысылу байқалады. Перкутанды улану кезінде ауырту, қызару байқалады.

Уланудың жалпы белгілері кезінде температураның төмендеуі болады. Бас ауырып, бас айналады, құсқысы келіп, жүрегі айниды. Біраз уақыттан соң (әсіресе улы саңырауқұлақтардан улану кезінде) естен тану, сандырақтау басталады. Сөзі түсініксіз келеді. Адам әлсіреп, тәбеті нашарлайды. Өсімдік уларымен перальды улану кезінде дене температурасы қалыпты нормадан төмен болады, жүрек-тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады.



2.Улы жәндіктер шаққанда тек аллергиясы бар адамдарға ғана қауіпті. Улы жәндіктер шаққандағы белгі тез байқалмайды, теріде әзер байқалатын қызару немесе жара болады. Алайда біраз уақыттан соң (15-20 минут) шаққан жерде ісіну, қызару, ауырсыну белгілері, сулану байқалып, дене температурасы көтерілуі мүмкін. Бас ауыру да болады.

Ара мен сонаның шағуынан улану белгілері:



  • Беттің, кейде бүкіл дененің қатты ісуі;

  • Қылғыну;

  • Естен тану;

  • Құсу.

Алғашқы көмек:

  • Дереу жедел жәрдем шақырту;

  • Ол келгенше үлкен саусақпен қыса отырып, жәндіктер қалдықтарын теріден шығару;

  • Одан соң жараға салқын компресс басу немесе антигистаминдік мазь жағу;

  • Адамды шалқасынан жатқызу, оның аяғы басының деңгейінен жоғары болғаны жөн (олардың астына жастық, оралған пальто салуға болады);

  • Тыныс алуын жеңілдету (белбеуін, байлауларын ағыту) және зардап шегушінің бетін аздап жанға қарату (құсқан кезде);

  • Зардап шегушінің үстін қымтап жабу;

  • Оған су ішкізбеу, тамақ жегізбеу, темекі тартқызбау;

  • Есінен танған немесе құсу белгілері байқалған кезде етпетінен жатқызу.

Жылан шаққан кезде дереу алғашқы көмек көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе у организмге тез таралуы мүмкін. Улану белгілері: шаққан жер тез іседі. Ісіну аяқ-қолдан бүкіл денегетаралып кетуі мүмкін. Алғашқы 20-40 минутта зардап шегушінің терісі бозарады, басы айналады, жүрегі айниды, құсуы да мүмкін, тамыр соғысы жиілейді, артериальды қысымы төмендеп, кезең-кезеңмен есінен танады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет