Информационное письмо


Асептика және антисептика туралы түсінік



бет29/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Асептика және антисептика туралы түсінік

Асептика – жараны микробтардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар тамырларға, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сеппис дамиды.

Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.

Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті.

Жараға топырақпен бірге сіреспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдайлар жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуле де өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрім-дәрмектерді қолдануға негізделген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод тұнбасы, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін.

Биологиялық антисептиктер жара инфекциясын сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет