Информационное письмо


Жарақаттану кезіндегі аурудың асқынуы



бет30/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

2. Жарақаттану кезіндегі аурудың асқынуы. Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене ауырады, сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік сияқты жұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде қызмет етеді.Микроб пен зақымданған жараны жұқтыцрмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды.Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен, шаң тозаңмен, қолдың кірімен, жараны таңған заттармен кіреді.Газдан шіру аяқ жарақатынан жиірек байқалады, аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл шаншудың пайда болуы, артынша қатты ауыруға ауысады. Жараның төңірегіндегі домбығады, аяқтың тері жұмылғылары су үстін қара дақ басады, тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде шықырлайды.Сіреспенің алғашқы белгілері жоғары температура, жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі, асқазан төңірегінің, іш бұлшық етінің шаншуы, жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау бұлшық етінің қысқару және ауызды аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі болып табылады. Біраздан кейін бұған жай тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады.

12 дәрістің тақырыбы: Жарақаттар (бас, кеуде, іш)

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).



  1. Жарақаттардың жіктелуі

  2. Бас, кеуде және іш жарақаттары

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің – аяқ-қолдың сынуы мен буындардың шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаоалануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердің әсерінен ұлпалары емн органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентегн сәулесі, радиоактивті сәулелкр, электр тогы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады (сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Уақыттың шектеулі үзігі арасында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттануышылық өндірістік (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше, көлік) және әскери деп бөлінеді.

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сыртқаттың жалпы жағдайы жедел және күрт нашарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет