Информационное письмо



бет33/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Сынық түрлері. Жабық сынық белгілері: 
Сүйек сынған жердің сырқырауы
Аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы. 
Сүйек сынған жердің қанталауы: 
Аяқ-қол қызметінің бұзылуы. 

Ашық сынық белгілері: 
Аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы; 
Жарада сүйек жарықшақтарының болуы; 
Жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс; 
Аяқ қолды қозғалтқан кездегі сырқырау. 

Шеміршектің созылуы, соғып алу, буынның шығуы. Сіңірдің созылуы – ауры затты ебедейсіз көтерген әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері: 1. буынның сырқырауы

2. терінің үлбіреуі.

3. қозғалудың қиындығы.

Алғашқы дәрігерлік көмек – жараға тиіспей, оның айналасын сулы мақтамен сүртіп, жараға йод жағып, оны таза дәкемен таңу керек. Үлкен жараны жеке пакетіндегі дәкелі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы, сіңір созылғанда зардап шегушіге 0,25-0,5 г. Аналгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нөрсеге ұрьш алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар зақымданады; тіндерде кан қүйылуы немесе жиналуы (канды ісік) пайда болады.

Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың козғалысының аздап шектелуі, тек кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок кұбылысы немесе дене кызуының аздап көтерілуінің байкалуы мүмкін.



2. Буынның шығуы — буын айналасындағы сүйек ұш-тарының жылжып кетуі, иық, шынтак жөне жамбас буындарының жиі шығуы, ал кейбір жағдайда қол саусақтарының жөне теменгі жак сүйек буындары шығып кетеді. Буьш қапшығының жарылып кетуі мүмкін, буынайналасындағы байламдардың, бұлшык еттін, сіңірдің, терінің, тамырдың, жүйкенің, сүйектің зақымдануы.

Белгілері: зақымданған буынның ауыруы, қол-аяктың қозғалысқа келмей қалуы, буынның өзгеруі, буын басы-ның баска жерден табылуы, тексеру кезінде созылмалы болуы.

Буын аралығының созылуы мен үзілуі — буын тұсындағы шұғыл козғалыс кезінде буын аралығының созылуы жөне үзілуі мүмкін көбінесе аяқ-басы — балтыр буынынын тұсында, ал баска жерлерде (тізе, көрі жілік, білезік буынында жөне т.б.) сирек болады.

Белгілері: соғып алу кезіндегідей, бірақ буын аралығы бекітілген жерлерде жанға батарлық жөне қатты ауру: кол-аяқ козғалысы шектеліл, кейде буьш қуысына кан күйылуы (канды буын) мүмкін.


14 дәрістің тақырыбы: Тірек-қимыл аппараттарының жарақаты

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

1. Иммобилизация түсінігі. Қол-аяқ сынған кездегі алғашқы көмек

2. Омыртқа сынған кездегі алғашқы көмек

3. Жамбас сынған кездегі алғашқы көмек

Иммобилизация — аяқ- қол немесе басқа ағзалардың қатты жарақаттануларында және оларды тыныштық жағдайда тасымалдау кезінде қозғалыссыздықты қамтамасыз етеді. Иммобилизацияның екі түрі бар: транспортық (уақытша) емдік (тұрақты). Емдік иммобилизацияны дәрігер, кейде фельдшер гипстік таңғыш түрінде орнатады. Транспорттық иммобилизация – алғашқы көмек көрсетуде аяқ-қол сынығында және басқа жарақаттарда қолданылады.
Транспорттық иммобилизацияны апат орнында орнатады, ол емдеу мекемесіне жеткізу кезінде сынған сүйек жарықшақтарының жарақаттанған жұсақ тіндерге енуіне кедергі болады, кейін уақытшаны тұрақты иммобилизацияға ауыстырады.Транспорттық иммобилизация — аяқ- қол сынықтарында және басқа жарақаттарда ауыр жарақаттық шоктың алдын алады. Ауыр жарақаттанған науқастарды жақын жерге де транспорттық иммобилизациясыз тасымалдауға мүлдем болмайды. Транспорттық иммобилизация болмағанда немесе жетіспеген жағдайда тасымалдағанда жарақаттағы сүйек сынықтары немесе жұмсақ тіндер қосымша жарақат алады. Ашық жарақаттарда және жұмсақ тіндердің ашық жарақаттарында транспорттық иммобилизация инфекцияның тез таралуына кедергі болады, ал аса ауыр күйіктерде күйіктің ағымын жеңілдетеді.Апат орнында уақытша иммобилизацияның жолақты және науа тәрізді түрлерін қатты маталардан жасалған түрлерін қолданылады. Шиналау- аяқ- қол сынықтарында қолданылатын иммобилизация түрі. Стандартты транспортты шиналар бойынша күрделі немесе жеңіл болып болінеді, бірақ оларды арнайы фабрикаларда сымдарды, ағаш пен қатты маталарды қолданып жасайды, емдік мақсатта қолданады тек медқызметкерлер немесе жедел жәрдем персоналдары қолданады.Ал қолда арнай құралдар болмағанда тақтайларды, таяқтарды, қатты жазық картондарды пайдаланамыз. Қолда ештене болмаса, сынған қолды денеге жапсырып таңамыз, ал сынған аяқты сау аяққа таңып байлаймыз. Дәке болмаса, бірнеше орамалдармен, жалпақ маталармен шиналарды таңамыз.

2. Омыртқа сынығында жұлынның шайқалуы мен және оның қатты қабық аралық қуысына қан құйылуы мүмкін.


Белгілері:
1) жарақат орнының ауруы,
2) омыртқа қозғалысының шектелуі,
3) қан құйылуы және ісінуі.

Омыртқаның созылуы

Омыртқанын шектен тыс қыймылында, байланыстырғыш элементтерінің үзілуі.
Асқынулар — жұлынның шайқалуы немесе оған қанның құйылуы.
Teкcepуi — екі жағына қаратып рентгенография жасау.

Омыртқаның шығуы

Көбінде — мойын бөлімінде кездеседі. Бұл кезде жоғарғы омыртқаның буын өсіндісі, төмен жатқан омыртқаға қарай ауысады.
Белгілері:
1) зақымдалу дәрежесінде, буын мен қылқанды өсінділердің жағдайына байланысты,
2) негізгі шешім, тек рентген мен тексеру кезінде анықталады.
Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру,
* түзетуді (орнына салу) ерте жасау керек.

Қылқанды өсінділер сынығы

Бұл сынық — арттан урған кезде, қатты шектен тыс артқа қарай котегенде немесе арқасындағы ұзын бұлшық еттің шектен тыс жиырылуынан болады.
Белгілері:
1) iciнуi,
2) қылқанды өсіндісін басқан кезде ауруы,
1) өскіннің орын ауыстыруы,
2) сықырлауы.
Диагнозды рентген анықтайды. Ерекше ем керек емес. Кейде — ауру сезім тудыратын өскін сынықтарын алып тастау керек.

Алғашқы көмек пен емі:


* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру,
* 4 апта арқасынан төсекте жату,
* емдік денешынықтыру,
* физиотерапия,
* уалау.

Омыртқа доғаларының сынығы

Егер сынык жұлын каналына жетсе, жұлынды қысады. Жұлынды одан босату үшін операция жасалады. Орнын ауыстырмаған сынықта 3-4 аптаға «Глиссон ілмегімен» қалыпқа келтіретін созу қолданылады.

Көлденең өскіндердің жеке сынықтары

Олар бел бөлімінде жиі кездеседі.
Белгілері:
1. Белдің зақымданған жағындағы ауру сезімі аяққа не ішке беріледі.
Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу,
* мұзды мұйық қойу,
* тасымалдау,
* сынған жерді жансыздандыру — 1% новокаин ерітіндісімен зақымданған өскінге блокада жасау,
* тегістақта салынған төсекте 2 апта бойы жату,
* емдік денешынықтыру,
* физиотерапия,
* уалау.

Омыртқа денесінің сынықтары

Сынықтың ең көп болатын жері 12- кеуде мен 1- бел және мойын омыртқаларында кездеседі.
Сынықтың жіктелуй
• қысылудан, компрессиондық — омыртқа денесінің жеке сынығы,
• орнын ауыстыратын сынықтар — тұтас омыртқаның орнын ауыстыруы, оны — люксациондық сынықтар деп те аталады.
Компрессиондық сынықта — омыртқа денесі жаншылып, қысылады да омыртқа сүйірленеді (8- сурет).
Омыртқаның орнын ауыстырып сынуы (люксациондық сынықта)- омыртқа денесі толық көлденең не көлбеу сынады, байланыстырғыш аппарат үзіліп, аралық буындар шығады және созылады, кейде қылқанды өскін мен доға сынады.
Белгілері:
1) ауру сезімі,
2) омыртқаның ақаулануы,
3) жұлын зақымданғанда қызметтік бұзылыстардың болуы,
4) компрессиондық сынықта — омыртқаның құныс боп қисайуы,
5) орны ауысқан сынықта — ұзын арқа бұлшық еттің рефлекторлы контрактурасы дамиды, сондықтан сынық аймағында омыртқа әртүрлі формадағы ақау кездеседі,
6) омыртқа қозғалысы шектеледі,
7) күдік туған жағдайда -рентгенография жасау керек,
8) мұндай науқастың көбі — жарақатты есеңгіреуденн өледі.
Алғашқы көмек пен емі:
• аурсынуды басу,
• мұзды мұйық қойу,
• тасымалдау,
• жарақаттанған науқасты тегіс тақтаға салып тасу керек, ал санитарлық транспорт болмаған жағдайда — жүк таситын автокөліктің еденіне көпшік (матрац) салу керек,
• қалай болса солай отырғызып тасу, сынықтардың екінші рет орын ауыстыруына әкеледі, сөйтіп жағдайын одан әрі нашарлатады,
• науқас ауруханаға түскен кезде омыртқаны ерте және толығымен босатып, оның одан арғы қысылуын болдырмау керек,
• қалпына келу ушін қолайлы жағдай туғызу керек,
• сынған жерге Шнек әдісімен жансыздандыру жасалады- 150-200мл 1% новакаин ертіндісі мен,
• науқасты қатты көлбеу төсекте ( тегіс тақтасы бар) жатқызады және жарақат деңгейіне қарай Глиссон имегі мен созу тәсілінің бірін қолданады (9-сурет),
• мамандандырылған ауруханада операция жасалады.

Жамбас сүйегінің зақымдануы көбінесе жол-көліктік оқиғаларда, биіктіктен құлағанда жамбастың қысылуы болған жағдайларда пайда болады. Мұндай жағдайда iшкi ағзалардың, ipi қан тамырлары мен жүйке талшықтарының зақымдалуымен өтетін жамбас сақинасы бүтіндігінің (үздіксіздігінің) бұзылуы байқалады.


Жамбас сүйегінің сынығы — ipi қан тамырлардың, жүйкелердің, ішкі ағзалардың (қуықтың, тікішек, жатыр. т.б,) зақымдануынан жамбас сақинасының бұзылуы.
Клиникасы: Жартылай бүгілген аяқтарының екі жаққа ығысумен науқастың еріксіз қалпы («құрбақа» қалпы), аяғын көтере алмауы («жабысқан табан» белгісі) отыра алмауы байқалады. Сынық аймағының icінуi, айқын ауыру сезімі және гематома болады. Уретраның зақымдалуын іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі, зәр шығарудың кiдіpуi, зәрде қанның пайда болуы, уретрадан қанның бөлінуін көрсетедй. Іш қуысы ағзаларының зақымдануы әуелі iшкi қан кетулермен, соңынан, ішастарынын қабыну белгілерімен сипатталады. Жамбас сүйектерінің сынықтары кезінде көбінесе шоктың дамуы нәтижесінде ауыр жағдай байқалады.
Диагностикалық критерийлері:
— сеізкөз және аралық аймағындағы ауырсыну;
— төсектегі мәжбүр қалып, арқасымен аяғы жартылай бүгілулі («құрбақа» жатысы);
аяғын көтере алмау, отыра алмау, жүре алмау, тура алмау («жабысқан табан» симптомы);
— сынық аймағындағы ісінулер, гематома, ауырсынулар;

Жедел жардем: ауыру сезімін анальгетиктер мен наркотиктерді енгізу арқылы басады (егерде iшкi ағзалар зақымдалмаса) және жеpгiлiктi анестезия — Школьник блокадасын жасайды. Тасымалдау иммобилизациясы «құрбақа» тәрізді (тізе буын астына валик қою). Жамбас астына домалақ валик, немесе Крамер шинасы, ауырсынуды және қан кетуді азайту үшін. Науқасты жатқан қалпында өте байқап орнықтырып, шұғыл түрде зеңбілмен ауруханаға жеткізеді.

15 дәрістің тақырыбы: Қансырау. Қан тоқтату.

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Қансыраудың түрлері

2. Қанды уақытша тоқтату әдістері

3. Ақырғы тоқтату әдістері

4. Ішкі қансырау белгілері, ондағы іс-әрекет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет