2.Бас жарақаттары. Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
Басқа қатты соққы тигенде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы).
Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30 минутқа дейін астен айырылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығын, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді.
Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік пайда болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айниды, кейде құстырады.
Қатты соққы толқыны әсерінен адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айырылады, бас ауырады, көру және есту қабылеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.
Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану).
Достарыңызбен бөлісу: |