Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру) Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Күйгенде көмек көрсету: Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка) Күйген жеріне май жағу (винилин) Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
Талып қалғанда көмек көрсету: Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) Демі тоқтағанда көмек көрсету: Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру керек
Оқушының міндеттері а) Компьютерде жұмысты бастар алдында: Компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге. Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты – жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға. Жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті. б) Компьютерде жұмыстын аяқтап болысымен: Өз жұмысын орнын қалпына келтіріп, компьютерді сөндіруге. Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың аяқталған уақытын және жұмыс барысында байқаған ақаулықтарды жазуға. Жұмыс орындау мақсатында өзіне берілген дискеталарды, дискілерді және оқулықтарды мұғалімге тапсыруға міндетті.
Көз талғанда жасайтын жаттығуларды есіңе сақта және оларды орында! 1 – жаттығу. Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар. Көздеріңнің бұлшық теін босаңдатып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 – 5 рет қайталаңдар. 2 – жаттығу. Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар. Алысқа қадағалап қараңдар. 3 – жаттығу. Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. Алысқа қадағалап қараңдар. 4 – жаттығу. Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. Алысқа қадағалап қараңдар. 5 – жаттығу. Көзден 30 см арақашықтыққа қарындашты ұстап тұрып ұзақ тесіле қараймыз, сосын мұрынның ұшына қараймыз. 6 – жаттығу. Алақанды бір – біріне уқалап жылытып алып көзге жайлап басу керек. Осылайша 3 – 5 секунд тұру. 7 – жаттығу. Көздеріңді 20 – 30 секунд бойы жиі – жиі жыпылықтатындар.