Информатика кафедрасы «5B011100 – Информатика»



бет39/77
Дата06.10.2022
өлшемі277,92 Kb.
#152008
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77
Байланысты:
УМКД ТКО сырттай

Өзін-өзі бағалау
Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірбиесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетіне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша обьективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады (3-кесте).

3-кесте. Өзін-өзі бағалауға қатысты сұрақтардың мысалы





Өзін-өзі бағалауды өткізу мақсаты

Сұрақтар

Өз оқуына болжам жасау

Сіздің оқуыңызды күшті / әлсіз жақтары қандай?

Өз жетістігіңізді / нәтижеңізді/ ілгерілеуіңізді сіз қалай бағалайсыз?

Өз оқуына жауапты болу

Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не істедіңіз?

Қалай ойлайсыз, сіздің бағыңыз әділ ме?

Білім мен дағдысындағы кемшіліктерді анықтау

Берілген тапсырманың барлығын орындадыңыз ба? Егер жоқ болса, неге орындамадыңыз?

Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы қайсы?

Келешектегі оқуы үшін нақты мақсатты анықтау

Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз қажет?

Өз оқуындағы өзгерістерді қадағалау

Бұрын білмегендеріңіздің ішінен қазір нелерді білесіз?

Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б арқылы да көмек беруіне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет