ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары.
Қандай тәртіп тережелерін білесіздер?
Қауіпсіздік ережелерін атап беріңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпарттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануардлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем есем.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін ingormatio сөзінен шыққан.
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика салаларына кеңінен енді.
Ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғаттада болады, ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни алудың сан алуан түрі бар. Ақпарт қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлау, зеттеу әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады.
Ақпарат-белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы.
Адам ақпаратты:
Біріншіден сақтай алады.
Кітап, газет-журналдан оқыған, ақпаратт ыесте сақтап жинаймыз. Адамзат жинаған білім мен тәжірибенің көлемі өте үлкен, сондықтан адамның миы оларды түгел сақтай алмайды, сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, папирус, пергамент, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
Екіншіден жеткізе алады.
Ақпаратты кеткізу: бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда. Әңгіме кезінде бір адам айтушы, ал екінші адам тыңдаушы болады.
Үшіншіден өңдей алады.
Ақпаратты өңдеу деп-ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.
Сонымен ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындаланыт әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап отырады.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарт қабылдайды. Адамның ең басты сезім мүшесі-көру мен есту. Ол кітаптан, теледидар мен радиодан алатын ақпараттытек осы мүшелерімен қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпараттың 90 пайызы сол мүшелер арқылы қабылданады.
Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы және бейнелі деп екіге бөлінеді.
Бейнелі ақпарат деп-табиғат көріністерін, кесіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпартқа адамның сөйлесу, жазу түрінде алатын ақпараттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |