Информатика мен информатика пєні туралы


Информатика сабағын оқытуда оқушылардың жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге



бет6/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

1. Информатика сабағын оқытуда оқушылардың жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге дайындау:

  • ойлау қабілетін жетілдіру;

  • эстетикалык тәрбие;

  • қатынасу-сөйлесу (коммуникативті) қасиеттерін дамыту;

  • ғылыми-тәжірибелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;

  • информациялық мәдениетті, информацияны өңдеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру.

2. Қоғамды ақпараттандыруға байланысты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру:

3. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету (интенсификациялау):

  • жаңа информациялық технологиялар құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

  • оқушылардың танымдық, қасиеттерін жетілдіруге қажет ынталандыру істерін жургізуді қамтамасыз ету;

  • әр саладағы мәселелерді шешу істерінде қазіргі кездегі қолданылып жүрген информация өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланыстарды тереңдету.

Жеке бір мұғалімнің ісі арқылы бұл аталған мақсаттарға қол жеткізу қиын. Оларды орындау үшін мектептің бүкіл педагогикалық ұжымының жүйелі түрде жұмыс жүргізуі қажет. Сондықтан осыларды жүзеге асыру үшін жүйелік және кешендік шараларды атқару мақсатында алдымен жеке педагогтың информациялық мәдениетін қалыптастыру керек.

Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нараға көп жағынан алғанда АКТ қарқанда дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірлің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және тағы басқа, тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дұкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр.

Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.

Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанда өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт-азаматтардың компьютерлік сауатылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл-кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office кестесіндегі қосымшалармен (Word Excel PowerPoint) жұмыс істей алуы, интернет ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.



Қорыта келгенде, оқу-тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа информациялық технологияларды тиімді (оптимальды) пайдалануды жүзеге асыра алатын негізгі шараларды айтып өткім келеді, олар:

  • әр түрлі пәнаралық мәселелерді шешу барысында білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды пайдалану арқылы біріктіріліп өткізілетін сабақтар әдістемелігімен (методологиясымен) қамтамасыз ету;

  • орта білім жүйесіндегі оқулықтар мазмұнының негізгі жақтарын қайта қарау;

  • жоғары білім беру бағдарламаларына болашақ педагогтардың информациялык мәдениетін қалыптастыратын курстар енгізу;

  • Республика облыстарындағы аймақтық ақпараттындыру орталықтары негізінде мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру курстарын тек компьютерлік сауатсыздықты жою мақсатында ғана емес, оқьпу құралдары ретіңде жаңа информациялықтехнологияларды пайдалануды күннен-күнге арттыру мақсатында орындалатын шаралар жүзеге асырылуы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет