Информатика мен информатика пєні туралы


Орта мектептерде информатика пәнін оқытудың принциптері туралы



бет16/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

2.4 Орта мектептерде информатика пәнін оқытудың принциптері туралы
Қазіргі кезеңде дербес компьютерлердің ғылымда, техникада, тіті өнірістің кез келген саласында кеңінен қолданыла бастауымен оның маңызы туралы айтып, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Бұл салада тек білікті мамандар дайындау мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Информатика курсы мазмұнының өзі де тез өзгеріп отыратын болғандықтан заман талабынан қалыспауда мұғалімнен көп күш жұмсауды қажет етеді.

ҚР орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шарттар білім саласында пинциптік жағынан жаңа жағдайлар жасады. Орта білім беру жүйесінен демократиялық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп қайта құру талап етіледі. ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау қажет». Осы тұжырым орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың маұсаты болып табылады. Бұл бағдараманың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.

Бұл талап әлі толық орындалып болған жоқ. Мектептерді толық компьютерлендірілмей ақпараттандыру (информатизациялау) болмайды.

1980-ші жылдардан бастап мектептерде «Инфоматика және есептеуіш техникасы» пәні жүргізіліп келді. 1990-жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты. Жоғары оқу орныны жаңа бітірген жас мамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұыс істегенді оңай көреді. Бірақ ол бағдарламамен толық оқыту мүмкін емес. Онда программалау тілдеріне аз көңіл бөлінген. Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпасақ, оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала ламаймыз.

Төл оқулықтарымыз да мазмұны жағынан ойдағыдай емес. Сондықтан мұғалімдер көп ізденіп, көп еңбек етуі қажет.

Информатика мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын негізгі талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойлытан талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытыныда нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндік туғыздырады. Ол үшін мынадай талаптарды естен шығармау қажет:

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет