Басқа пәндерден информатиканың өзгешелігі – ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді активті және саналы түрде ұғыну пинципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру – оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін.
Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасыбойынша, білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау – мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатиканың жас мұғалімдерінің жолдары жаңа басталуда, сондықтан жалпы қолданылатын көрнекілік құралдар да көп емес.