Тәрбиелей оқыту принциптері – дидактикадағы оқыту мен тәрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Әдетте тәрбиелік әсер оқу процесі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дәл сол кезде қалыптасады. Принципті іске асыру – мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұғасының сапалылығына байланысты екендігін әр мұғаләм есте сақтағаны жөн.
Осы айтылған принциптердің бәрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқаларын байланыстырушы пән ретінде қалыптастырады. Қазіргі кезде информатика пәнінің мұғалімі өз сабағына бұрынғыдай тек математика, физика мысалдарын ғана емес, тарих, биология, анатомия сабақтарынан да суреттер, үзінділер, анимациялық (қозғалыстағы) эеметтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігін де және мысал ретінде қолданылған пән ерекшелігін де жаұсы түсіндіруге болады.
Тағы бір айтатын мәселе – информатика пәнінің басқа пәндерде түбегейлі өзгешелігі, бұл пәнді әдеттегі тәсілдермен бағалау үшін 2-3 сабақтың қорытындылары жеткіліксіз. Оған оқушының бұрынғы сабақтарда өткен материалдарды қолдана білу қасиеті де кіреді.
Осы жерде айта кететін мәселе, көп мектептерде компьютерлік сыныптардың аздығы (5-6 компьютер). Ал оқушылар сабақтан тыс кездерде де компьютерде дайындалғысы келеді, бірақ оған мүмкіндік бола бермейді.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі психикалық және филологиялық өзгерісі кез келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дамытуды түсінеміз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту, қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Информатиканы орта сыныптарда оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-1986 жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді оқыту барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
1) білім беру;
2) тәрбиелік;
3) практикалық.
Мектепте орта сыныптарда информатиканы оқытудың білім беру мақсаты – әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білім беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға олардың ойлау және шығармашылық қабілеттеріне елеулі әсер етеді.
Қорыта келгенде, информатика сабағын да тек компьютер мүмкіндіктері игеру жеткіліксіз, компьютер – басқа пәндерде оқыған материалдарды да қайталай алатын, оқушыны тәртіпке йрететін, әрекеттердің логикалық байланысын сараптай алатын оқытушыға көмекші, әрі керекті құрал болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |