4. Эксперименттік бөлім.................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................
Кіріспе
Бұл дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты орта сынып оқушыларына информатика сабағын үйретудің кейбір жолдарын оқытуды жетілдіру. Орта сынып оқушыларына жаңа технологияларды қолдана отырып, білім деңгейлерін жоғарылату, жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – орта мектептің орта буын сыныптарында информатика пәнін оқытуды қазіргі заман талабына сай ұйымдастыру бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып отыр. Осыған байланысты, дипломдық жұмысыма «Информатиканы орта сыныптарда оқытуды ұйымдастыру» тақырыбын таңдадым. Бұл дипломдық жұмыс мазмұнына қарай, зерттелу деңгейі бойынша информатика сабағын жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып түрлендіру, жаңарту мәселелерін қамтиды. Осыған орай орындалған дипломдық жұмыс аталмыш мәселенің шешімі болатынына сенім білдіремін.
Жұмыстың әдіснамалық базасы: Информатика әдістемелік кабинеті.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Орта сынып оқушыларының еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың жоғары сыныптардағы мамандыққа баули оқу дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру, алған білімдерін іске асыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты — орта мектептегі орта буын сыныптарында информатика пәнін оқытуды ұйымдастыру оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, Негізгі бөлім 2 тараудан, 11 тараушадан, эксперименттік бөлімнен, І тарау, 3 тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздерінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |