Информатика мен информатика пєні туралы


Ақпараттық қоғам жасау шарты ретінде ақпараттық мәдениетті



бет3/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

Ақпараттық қоғам жасау шарты ретінде ақпараттық мәдениетті

қалыптастыру

"Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасы приоритеттерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялдық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға және оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді тұрақты түрде дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Информациялық қоғамға ауысу информациялық және коммуникациялық технологияларды дамыту мен күнделікті тұрмыста пайдалану (конвергенциялау) жолымен, яғни қоғамды ақпараттандыру (информация) істерін дамыту арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру. Ақпараттық технологиялар аймағында педагогикалық сала мамандарын оқыту мазмұнын қалыптастырудың келесі мақсаттарын қолдануға әкелді: ақпараттық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын анықтаудың маңызды факторы оның бағыттылығы;оқыту мазмұны өз бетінше пед.мәселелерді шешуге жеткілікті білімдер мен оларды қолдану дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс;мазмұн студентте педагогикалық мәселелерді шешуде пәнаралық байланыстың негізінде өзінің педагогикалық қызметіндегі білімдерді комбинациялауда пайдаланылатын білімдер жүйесін тұтас қабылдауын қалыптастыруы тиіс.ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте –ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек. Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құңдылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.

Информациялық қоғам қалыптасуының негізгі бағытгарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып саналады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың алдыңғы қатарларының ой еңбегінің жемісі болып табылатын информациялық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Қазақстан Республикасының 2002-2004 жылдарға арналған білім саласын ақпараттандыру Мемлекеттік Концепциясына сәйкес білім беру ісі. Ақпараттандыру дегеніміз – білім жүйесін жаңа информациялық технологияларды тиімді пайдалану методологиясымен және оны жүзеге асыру практикасымен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Мұндай шаралар жеке тұлғалардың қоғамды дамытуға қажетті жеке қасиеттерін жетілдіруге, оларды әлеуметтік құндылықтарды екпінді түрде пайдалану істеріне тартуға және өздігінен білім алу мен өзін таныту істеріне жұмылдыруға бағытталған.

Осы айтылғандарды негізге алатын болсақ, информациялық қоғамды қалыптастыру кезеңіндегі педагогикалық процесс құрылымын төмендегідей схема түрінде көрсетуге болады (1-сурет).

ХХІ ғасырдың басында, белгілі бір деңгейде, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен (АКТ) танысу, оларды нақты оқу процесі жағдайында игеру, жекеленген жоғары оқу орындарында қазіргі заманға сәйкес ақпараттық инфрақұрылым және жаңа типтегі мультимедиялық оқыту өнімдерін жасау кезеңі аяқталып келеді деп айтуға болады. Осыдан барып, «алынған тәжірибені қалай бағалай аламыз және ары қарай не істейміз» деген сияқты табиғи сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде оқу процесін дәстүрлі түрде жүргізу түсініктері АКТ мүмкіндіктерін пайдалану істерімен үйлесе алмайтыны және осындай қайшылықтардың күннен күнге азаймай, біртіндеп көбейе түсетіні талас тудырмайды, кейде олар тіпті экзотикалық түрлерге айналып барады. Оған дәлел ретінде ғаламдық компьютерлік желідегі формальді емес білім беру қоғамдастықтарының ашылуын; «нақты» университеттердің «виртуальдық» университеттермен алмаса бастауын келтіруге болады. “АКТ және білім беру” мәселесі бұрынғы пікірлерге қарағанда, анағұрлым күрделі әрі іргелі көзқарасты талап ететіні белгілі болып отыр. АКТ мәселесі тек жаңа оқыту құралдарын ғана өмірге енгізуге ғана тіреліп қалмай, олар білім беру жүйесінде жаңа бір орынға ин болғалы тұр.

Білім жүйесіндегі АКТ болашағын түсіну үшін «оқу процесі» ұғымының анықтамасына оралайық. Қазіргі оқу жүйсіндегі жағдай түбегейлі өзгерді. АКТ бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі оқу процесін толықтырмайды, солардың әсерімен басқа бағдарлы мақсаттағы өзгеше бір оқу процесін жасайды. Бұл процечке қатысушылардың рөлдері де, оқыту ортасы да бұрығыдан басқашалау болып келеді. Мұндағы ең алғашқы көңіл бөлетін нәрсе – ол оқыту сапасы. Бұл абсолютті түрде өлшеуге болатын программа емес, ол – білім алу нәтижелерінің оқыту мақсатына сәйкестігін білдіретін көрсеткіш.

Білім беру ісі барлық әлеуметтік процестер сияқты технлогиялық әсер ету объектілері түрінде қалыптасады, ал АКТ өз анықтамасы бойынша бұрыннан сондай объектілер қатарында болып табылады. Сондықтан АТК-ны пайдаланамыз немесе пайдаланбаймыз деп таңдау жасай алмаймыз, таңдау тек оқвту мақсаттарында көрсетілген технологиялық процеске, яғни толық бақыланатын және соған сәйкес басқарылатын үрдіске айналып келе жатқан мәдениеттің рухани және этикалық принциптерін қалай сақтау керек деген ұғым айналасында болуы тиіс. Міне, осы жағдай оқу процесін гуманистикалық бақылау және оны басқару тәсілдері мен параметрлерін іздестірудің басты шарты болып саналады.

АКТ-ны таңдау - әлі толық анықталған мәселе түрінде қойылған жоқ. Осыған орай, алдымыздағы бірнеше жылдар ішінде оның шешімі табыла қалады деп айтуға болмайды. Бірақ оқушының белгілі бір моделі ұсынылып, оның тәртібінің зерттелуі әбден мүмкін боатын шаруа шығар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет