Информатика мен информатика пєні туралы


Информатика пәнін мектепте оқыту жайлы ұсыныс



бет8/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

Информатика пәнін мектепте оқыту жайлы ұсыныс

Білім беруді ақпарттандыру жағдайында окушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады.

1. Информатика пәнін мектепте 5-сыныптан оқыту – уакыт талабы. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқыту қазіргі таңда мектептердің материалдық техникалық базасы көтермейді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының ойлау дәрежесі әлі жан-жақты жетіле қоймаған. Тіл байлығы әлі жетілмеген, логикалық ойлауы, шығармашылық дәрежесі бір жүйеге қалыптаспаған. Бастауыш сыныптарын мұғалімге арналған кешенді компыотермен және интерактивті тақтамен жабдықтау қажет. Компьютер сыныбында компьютерлік орналасуының стандартына сәйкестігі – 1 компьютерде ауданы 5 шаршы метр және көлемі 20 куб метр болуы кажет. Алайда, бұл орындалмай келеді. Егер бұл стандарттар орындалмаса, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына зиянды болады. Қазіргі көптеген мектептердің компьютер сыныптарында бұл стандарттар сақталмайды. Осы мәселелер бойынша республикадағы жалпы білім беретін мектептер жүйесіндегі зертханаларда зерттеу жұмыстары жүргізіліп, «Информатика негіздері» журналында жарияланып тұруы қажет. 5-сыныпта математикалық логика оқытылады. Сондықтан арнаулы компьютер сыныбында информатиканы 5-сыныптан бастап оқытқан дұрыс.

2. Қазіргі таңда мектептерде Информатика жене Есептеуіш техника негіздері пәні деп аталады. Оның орнына 5-7 сыныптарында "Информатика негіздері", ал 8-11 сыныптарында "Информатика және Ақпараттық-коммуникациялық технологиялары" пәні деп аталғаны дұрыс болар еді.

3. Мектептерде заман талабы бойынша дәстүрлі оқыту технологиямен оқытудың орнына Жаңа педагогика технологияларымен оқыту енгізілуде. Информатика пәнінде Ж.Караевтің "Үш өлшемді оқыту әдісі" технологиясын қолдану тиімді болар еді, егер оқушыларды және мұғалімді сапалы сұхбат түріндегі оқулықтармен, көмекші әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілсе. Мұғалімдердің деңгейлік тапсырмалар, тестер дайындауға бастапқы кезеңде мүмкіншіліктері бола бермейді.Сол сияқты мультимедиа технологиясын, интерактивті әдістерін және интернет технологияларын қолдануда мұғалімдерге әдістемелік көмекші оқу құралдары қажет.

4. Білім беру мекемелерінде Интернетте жұмыс істеу ақысы жоғары болғандықтан "Оn1inе" тәртібі түрінде ашық сабақтар, интернет конференциялар өткізу және қашықтан оқыту жұмыстарының орындалуы шектеледі.

5. Қазақ тілінде жазылған оқулықтарда орысша сөздерді қолданбаса, Информатика пәні мұгалімдерін нақты нәтижеге бағытталған жұмыс істеуіне көмекші әдістемелік құралдары арқылы толық жағдай жасау керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет