Информатика мен информатика пєні туралы


ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОРТА СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет11/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОРТА СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



    1. "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсын орта сыныптарда оқытудың әдістемелік жүйесі және міндеттері

Жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі — информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы орта сыныптарда оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық, деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп көлемінде орта сыныптарда оқытылатын «Информатика» курсын оқыту әдістемесі.



Информатиканы орта сыныптарда оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз).

2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз).

3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз).

4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз).

5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз).

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

1) кімді оқытамыз?

2) кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сұрақта: қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы орта сыныптарда оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің өтілген практикалық тәжірибесін басшылыкқа алады. Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет