біріншісі — компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтері мен жалпы жұмыс істеу принциптерімен танысу;
екіншісі — алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену;
үшіншісі — информатиканың қолдану шеңберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған: мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өрнегімен анықталатын түрі талдалынып алынады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар, әр түрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланылды. Тағы бір айтылатын мәселе информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әр түрлі. Сондықтан әр мектептегі информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың маңызды мәселелері қалып қояды.
Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр. Жарияланып жатқан тұжырымдамаларда жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9-кластарына қөшу керектігі көрсетілген. Ал, бұл информатиканың мазмұнының және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді.
Үшіншіден, информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін көрсетілгені белгілі. Бұдан бұл курстың жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зерттеу мәселелерінде біртіндеп межелеп бөліну байқалып келе жатыр. Есептегіш техниканың мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытудағы компьютердің қолданылуы төменгі кластарда компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан бастап, мектептегі барлық оқу пәндерінде қалынтастырылатын жалпы оқу іскерлігімен сипатталады. Информатика негіздері курсының алдында компыотерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.
Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көңіл аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай өзгерістердің бағытына сәйкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін білімнің негізгі компонеттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт беруі, курстың мазмұнындағы жалпы білімдік мәні бар негізгі мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Информатика және есептегіш техника негіздері курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесінде информациялық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Бірінші кезең (1-6-кластар) - пропедевтикалық курс. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу ойын программаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең (7-9-кластар) — оқушыларға информатикадан берілетін міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға информациялық технология құралдары мен әдістерін пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онан кейін кәсіптік мамандығына компьютерді саналы да, тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Информатиканы жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру, яғни мектептегі білім беруді информатикаландыру жағдайында информатикадан берілетін білім мен іскерліктің басқа пәндерді оқытуда орта буыннан бастап кенінен пайдаланылу қажеттілігі екі негізгі фактормен сипатталады:
1) информатиканы төменгі кластардан бастап оқытудың оң нәтиже беретіндігі;
2) дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өспірімдердің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды рөлі бар.
Базалық курстың мазмұны оның жалпы білім беретін мәні бар үш аспектісімен үйлесетіндігі көрінеді:
1) басқарудағы информацияның рөлі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектісі;
2) қазіргі уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты алгоритмдік (программистік) аспектісі;
3) компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға байланысты информациялық технологияны практикалық іс-әрекетке кеңінен қолдануға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.
Үшінші кезең (10-11-кластар) – кәсіптік оқыту ретінде информатика саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика мамандығына бағытталған кластар мен мектептер үшін программалау мен есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер эксперимент мәліметтерін өңдеу, компьютерді модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептері үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған есептерді шығаруға информациялық технологияны қолдану іскерлігін қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |