Орта мектептегі информатика курсының мазмұны
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері қурсының мазмұнын курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Информация – алгоритм – ЭЕМ.
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын тeoриялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде енгізілуі керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат – ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні. Енді ИЕТН енгізілгеннен бері жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдарламаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді информатикаландыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты кұрылып, оқу процесіне енгізілді.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады.
I кезең (7-9-кластар) – негізгі курс деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нің архитектурасы және информациялық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады. Негізгі курсты оқытуда басқару ісіндегі информацияның мәні, информациялық процестердің жалпы заңдылықтары және жүйелі-информациялық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, қайталану), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.
ІІ кезең (10-11-кластар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі терендетіліп оқытылады, Сонымен қатар, "Дербес компьютерді пайдаланушы", "Компьютер және іс-қағаздарын жүргізуші" және т.б. курстар енгізілген. Егер базистік жоспардың өзгермелі бөлігінің есебінен курсты оқыту 136 сағатқа дейін арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәліктер беру мүмкіндігі туады.
Жалпы, негізгі мектепте курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11-кластарда базистік оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің есебінен 68 сағат бөлінген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының талаптарын сәйкес информатиканы оқыту сталдартына төмендегі мәселелер енгізілген:
— кластар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
— әрбір кластардағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
— стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
— білімді бағалау үлгілері.
(Қазақстан Республикасында жасалған информатикадан мемлекетік білім беру сталдарты Ресейде жасалған А.А. Кузнецовтың тұжырымдамасын негізге алады, сондықтан келесі тақырыпта толығырақ тоқталамыз).
Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының Жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі", — деп көрсетілген.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру процесінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз процесс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесін демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған. Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек:
1) Компьютер – оқыту обьектісі;
2) компьютер – универсал таным құралы.
Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған:
Достарыңызбен бөлісу: |