Информатика мен информатика пєні туралы


Информатиканы орта сыныпта оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет13/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

Информатиканы орта сыныпта оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін, орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілудің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет