Информатика мен информатика пєні туралы



бет50/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

«Информациялық мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген информация көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. «Информациялық мәдениет» - бұл әңгімелесе білу, теледидар хабарын (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің «еркіндігіне» әсер ететін жағдайларда, өз «еркіндігіңді» шектей білу.

Нақты бір техникалық құралмен жұмыс істеуді жұмыс орныңда отырып кез келген уақытта үйренуге болады, ал адамның жас шағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып қоятыны белгілі. «Информациялық мәдениетті» тәрбиелемей кешігу деген адамның ойлау қабілетінің дер кезінде жетілдірілмеуі сияқты, ол – өмір бойы кешігумен бірдей. Сондықтан қазіргі информациялық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшін олардың тек логикалық ойлау қабілетін, анализ (объект құрылымын жіктеу, өзара байланысын айқындау, ұйымдастыру принципін ұғыну) және синтез (жаңа схемелар, құрылымдар мен модельдер құрастыру) жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, қазіргі кездегі оқыту процесінің ең маңызды бөлігі – информациялық мәдениет элементтерін бойларына сіңдіріп, ұғындыру керек. Ағыл-тегіл информация заманында өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. Оның бойында жас кезінен ифнормациялық объектілер мен процестерге, оның ішінде компьютерлік ойындар мен вирустарға да қатысты пайдалы әдеттер мен әлеуметке жат әрекеттерге деген дұрыс көзқарасы қалыптасуы керек.

Осындай бағытта жүргізілетін оқыту технологиясы мектептің немесе ата-ананың мүмкіндігіне байланысты болмай, жалпы көпшілікке арналып, кез келген адам қол жеткізетіндей ашық болуы керек.

Әдетте информатиканы оқытудың екі түрі (бағыты, аспектісі) қарастырылады:



1. Технологиялық, мұнда информатика қазіргі кездегі алдыңғы қатардағы информациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік беретін білім потенциалын қалыптастыру құралы ретнде қарастырылады;

  1. Жалпы білімділік, мұнда информатика логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, талдай білу, объект болмысын, қатынасын анықтау, әрекет ету жоспарын сипаттау және логикалық тұжырым жасау құралы ретінде қарастырылады.

Орта мектепке арналған «Информациялық мәдениет негіздері» курсы теориялық информатиканы және информациялық технологияларды біріктіруі тиіс, бұл оқушыларға компьютерді пайдалануды үйрену және де әр түрлі пәндерді оқып-үйрену кезінде қолданыла алатын (және қолданылуға тиіс) басқа да информациялық-технологиялық тәсілдерді игеру мүмкіндігін береді. Сонымен, бұл курста осы технологиялық және жалпы білімдік екі аспект логикалық түрде біріктіріледі. Информатиканы ғылым ретінде оқып-үйрену информациялық технологиялар мен информациялық мәдениетті қатарластыра оқып-үйренуден тұрады.

Жастардың ойлау қабілетін дамытудағы информатика рөлі көбінесе қазіргі кездегі модельдеу мен жобалау әдістемелері аймағындағы жұмыстармен айқындалатыны белгілі, ол әсіресе адамдарға тән түсініктер негізінде ойлау қабілетін жетілдіруге негізделген объектіге бағытталған модельдеу мен добалаумен анықталады.

Кез келген пәннің негізгі ұғымдары жүйесін айқындап, оларды белгілі бір сипаттамалар (атрибуттар) мен әрекеттер жиыны ретінде бейнелей білу, атқарылатын әрекеттер алгоритмдері мен логикалық қорытындылары схемаларын сипаттай білу кез келген адамның осы пән аймағындағы білімін, бағдарын жетілдіріп, оның дамыған логикалық ойлау қабілетінің көрсеткіші бола алады.

Бұл курс жаңа (компьютерлік) сауаттылықты игерудің де бір қомақты бөлігі болып табылады. Оның мазмұны бастауыш білімнің дәстүрлі мазмұнына сәйкес келетін классикалық үш ұғымнан, яғни оқу, жазу, есептеуден гөрі кеңірек деп айтуға болады. Оқу ұғымын кеңіту дегеніміз – информацияның барлық түрлері мен типтерін белсенді түрде іздеп таба білу, қабылдау және талдау (анализ жасау); жазу – әр түрлі типтегі информациялық объектілерді жасау, гиепрортада байланыс орнату, информацияны орналастыру, ұйымдастыру істерін ойдағыдай жүргізе білу; есептеу – объектілер мен олар арқылы орындалатын әрекеттерді, есептеу жүйелері мен шекті объектілер математикасының графикалық және денелік ортада бір-бірімен табиғи түрде байланысқан әр түрлі құрылымдарын (логикалық құрылымдарды қоса) жобалау және құру. Жаңа сауаттылық – оқушылардың игерген негізгі лингвистикалық, логикалық-есептеу және коммуникативтік білімдерінің бірігуі; келесі оқыту езеңдері мен кеңістіктеріне қол жеткізуге мұрсат беретін ішкі және сыртқы технологиялық операциялар мен процедураларды атқара білу мүмкіндіктері.

Осы курсты оқу процесіне енгізу әлеуметтік информатика мәселелерін (информаткамен жұмыс істеудің этикалық, экологиялық және құқықтық жақтары) оқытуды да кеңітеді. Ифнорматиканы оқытуды төменгі оқу сатыларында білім алу тиімділігін арттырып, оқушылардығ материалдарды іздеп табу жұмысын жеңілдетеді.

Информатиканы оқыту формалары, тәсілдері, ал кейде оның мазмұны да мектепке компьютер сыныбының болу, болмауына байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, курстың негізгіидеялары оқушыларға компьютерді пайдаланбай-ақ жеткізуге болады. Бұл оқу-әдістемелік кешенді тек мектеп емес, балаларды үйде оқыту кезінде ата-аналар да пайдалан береді.

Информатиканы ғылым ретінде оқыту ифнормациялық технологияларды үйретумен қатар жүргізіледі. Сондықтан «информациялық мәдениетке», оның мағынасын кеңінен ашуға көп көңіл бөлінеді. Осы ерекшелікті біздегі «Информациялық мәдениет негіздері» оқу-әдістемелік кешенінің Ресей Федерациясында жасалған нұсқасынан негізгі айырмасы болады деп айтуға болады. Бұл оқу-әдістемелік кешен тек мектеп қабырғасында емес, өз бетімен де оқып-үйренуге талап қып жүргендер үшін пайдалануға жарайтындай етіп құрастырылған. Ол орта білім жүйелеріне арналған «Информатика» пәнінің міндетті түрде оқылуға тиіс мазмұнының ең төменгі көлеміне және ЮНЕСКО-ның «бастауыш мектептегі информатика» деп аталатын ұсыныстарына толық сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет