Информатика мен информатика пєні туралы


Информациялық технологиялар мен информация құралдары



бет53/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

3.4.2 Информациялық технологиялар мен информация құралдары
Информациялық технологиялар мен информация құралдары аймағында оқытудың негізгі нәтижелері болып оқушының мынадай қасиеттерін жетілдіру саналады:

  • информациялық объектілерді мұғалім ұсынған мәтіндік, бейнелік (визуальдық) және дыбыстық информациялар жиыны ішінен іздеп табу, ондай информациялар түрлері кітаптар мен атластарда, сөздіктермен анықтамалықтарда жинақталған. Олар қағазға, оптикалық, электрондық құрылғыларға және де осындай мәлімет сақтауға арналған компьютерлік желілерде жазылып сақталады;

  • мұғалімнің тікелей жетекшілік етуімен кез келген объектілер мен процестерді байқауға, тіркеуге, өлшеуге және сипаттауға болатын болса, сол істі жүргізу;

  • информациялық объектілерді тікелей қабылдау, түсінік беру, таңдап алу және бағалау, бірінші кезекте балаларды қоршап тұрған ортадағы объектілер алынады, солардың ішкі құрылымын, бір-бірімен байланысын анықтау керек;

  • мәселені шешу нәтижесінің қойылған шартқа сәйкестігін өз күшімен анықтау, бір топтың сипатына қарап тұрып, «осы топқа жатады» деп қойылған талапқа сай объект мысалын тұрғызу;

  • информациялық және материалдық объектілерді нұсқауға және өз ойына сәйкес етіп құрастыра білу;

  • қолда бар информациялық объектілерді пайдаланып, жеке психологиялық талаптарға және сыртқы тапсырмаларға сай қарапайым көркем хабарламалар жасай білу;

  • коммуникациялық мүмкіндіктерді – шағын жазбалар мен нұсқалық суреттерді қолданудан бастап, телефонды жедел пайдалануға және экранға бейнелер шығарып, мәтін тезистерін көрсету жолымен жұрт алдында баяндама жасауға дейінгі қтынасу құралдарын пайдалана білу;

  • командалар мен олардың қарапайым комбинацияларын пайдалану арқылы экрандық және нақты жылжымалы объектілерді реттеп, басқара білу;

  • ұжымдық талқылауларға қатысып, бірігіп әрекет ету істеріне араласу, бекітілген ойын ережелерін түсініп, оны қатаң сақтай білу;

ЮНЕСКО ұсыныстарында көрсетілгендей - «егер ИКТ саналы әрі жауапты адамдар қолында болса, ол қоғамға оң өзгерістер енгізудің түйінді факторына айнала алады». Сонымен, адамды информация әлемінде өмір сүруге үйрету – қазіргі мектептің ең маңызды міндеті болып табылады.

Міне осындай себептермен орта мектепте «Информациялық мәдениет негіздері» курсының пайда болуы тек заман талабы емес, ол – нақты қажеттілік. Бұл курсты енгізудегі кешігу ИКТ-ны пайдаланудағы әлеуметке қарсы әрекеттердің жылдам өсіп, келеңсіз мәселелер мен ағымдардың күрт өсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы тұрған міндет – оқушыға әлемнің информациялық бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? "Ол оқушыға өзін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық, байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы, информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру," – деп түсіндіреді Н. Ф. Талызина.

Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет