1. Дайындық кезеңі:
Қатысушылардың жоба тақырыбын таңдау, оны орындау бойынша қызметінің дәлелін негіздеу және қалыптастыру;
Жобаны орындау үшін қатысушылардың білімінің, іскерлігі мен дағдысының қажетті көлемін анықтау;
Жобаны орындау бойынша қатысушылардың оқытушымен бірге жұмыс жоспарын құру;
Қажетті материалды және қаржылық шығындарын, интеллектуалды күштерін бағалау.
2. Құрылымдық кезеңі:
Жобаны орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын қарастыру және ең тиімді нұсқасын таңдау;
Қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу, қажетті әдебиеттерді, ақпарат көздерін үйрену;
Құрылымын өңдеу, еңбек объектісінің дайындық технологиясын үйрену;
Сәйкесінше технико-технологиялық құжаттарын өңдеу, жобаны орындау үшін қажетті материалдарын, құрылғыларын, құралдарын дайындау;
Міндеттемелерді бөлу (ұжымдық және топтық жобалар үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |