Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі – бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалім-дердің қабілеттілігі деген анықтама береді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында [2] оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу: «Білім беру ұйымдарының еркіндігін -дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру» делінген. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы болып табылады. Оқушыны субъект ретінде қалыптастырудағы блоктық-жүйелік оқыту технологиясының тиімділігін көрсету педагогикалық қызметімнің өзекті тақырыбы болып отыр.
Зерттеу нысаны: 8 сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Блоктық-жүйелік оқыту технологиясының оқушыны субъект ретінде қалыптастырудағы рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |