Информатика мен информатика пєні туралы


Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары



бет60/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген дүние.

Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар:

Бірінші деңгей үшін – игерілгендерді пысықтау мен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған.

Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында:



      • оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша қарастырылып;

      • оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

      • барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Сондықта да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқауға болады. Олар өзара бәсекелесе отырып, әр деңгейдегі тасырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысады, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болады. Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз керек?» - деген сұрақ туады. Мұндай жағдайда, барлық апсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. Сыныптың басқа оқушаларды өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру приципі де сақталады. Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағына есепке алынып отырады.

Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика мен есептеуіш техника негіздері» курсы 10-11 сыныптарда 3 түрлі бағдарламамен берілген және 7-8 сыныптарда жаңа информатика кітаптар шығып, жаңа бағдарламамен берілген .

1. Basic программалау тілі - математика-физика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде,

2. Паскаль программалау тілі- математика-физика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде .

З. Жана ЭЕМ-нің шығуларына байланысты "Компьютер және іс қағаздарды жүргізуші"-мамандыққа баулу курсы бойынша.

Информатика - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Бүгінгі күннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-ді пайдалану адамдардың мәліметтерді жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуіне мүмкіндік береді. 7-11 сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын оқытып, үйрету үшін информатика сабағында саралап оқыту әдістеме тәсілін қолдануға болады. Саралау жалпы және оқушылардың барлығына міндетті бағдарламаның материалдарды толықтыра оқытуды дараландыруға, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін толық ашуға, жергілікті және аймақты сұраныстарды жан-жақты ескеру ушін қолайлы жағдай жасайды. Саралап оқытылатын білім деңгейінің мына шарттарымен жұмыс жасаймыз.



1. Жалпы мәдени деңгей – стандартталынған жалпы білім беру деңгейі.

2. Қолданбалы деңгей – берілген математика, физика, химия есептерін компьютерде программалау аркылы есептер шығару. Орысша, қазақша, ағылшынша мәтін, өлеңдерді компьютерде жазу, сурет салу компьютерде сурет, сызу салудың программаларын үйрету.

3. Шығармашылық деңгей – тест сұрақтарына жауап беру, өзіндік және бақылау жұмыстары, Паскаль, Visual Basic тілдерінде программа жазу, ғылыми рефераттар жазу, қорғау. Информатика сабағының апталықтарында КВН ойындарын өткізу, дебат өткізу, газеттер шығару, мектепаралық, жол тораптық олимпиадаға дайындау, жеке оқушыларға қажет кезінде консультация беру, информатика заңдылықтарын оқып үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет