Информатика мен информатика пєні туралы


Өзгені түсіну және қабылдау. Байқау әдісі



бет66/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Маржан дипл

2. Өзгені түсіну және қабылдау. Байқау әдісі.
1.Таныс емес адамдарға қол үшін беру қажет пе?

2.Өзіңнің бас пайдаң үшін өтірік айтасың ба?

3.Әділетсіздікпен күресуге дайынсың ба?

4.Басқалармен бірігіп, демалғанды ұнатасың ба?

5.Әрдайым өзгенің қуаныш –мұңын бөлісе аласың ба?

6.Басқаларға бөлінген құрметті қабылдай білесің бе?

7.Өзіңнің кемшілігің үшін басқаларды кінәләйсың ба?

8.Біреуден ақыл-көмек жиі сұрайсың ба?

9.Өзіңе айтылған әділ сынды қабылдайсың ба?

10.Өзіңе тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайсың ба?


Сурет 2. «Оқушының өзгені түсіну және қабылдау деңгейін зерттеу қорытындысы»


Атқарылған іс- шаралар
Бірлестік отырысындағы іс-тәжірибе алмасу, талдау, пікірлесу.

Қалалық тамыз семинарында баяндама.

Ашық сабақ «Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы» ( қалалық)

Олимпиада ( қалалық). І орын Қинаятова С. 9 «А»

Сайыс «Биохаус- 2009» ( қалалық). ІІ орын

Сайыс «Химиялық калейдоскоп» ( қалалық). І орын

Ғылыми жоба (қалалық). ІІІ орын

Ғылыми жоба (облыстық) мақтау қағазы Дюсупова Аида 10 « Б»

«Өскемен қаласында сатылатын сырдың (сірненің) сапалық сараптамасы»

Мектептің өзекті тақырыбын негізге ала отырып, өзімнің өзекті тақырыбыммен тиімді жұмыс жүргізе отырып төмендегідей сандық және сапалық нәтиже беретін жұмыс жоспарладым.

1. Технология бойынша күнтізбелік жоспар жасау «Химия» 8 сынып

2. Әдістемелік жинақтама «Химия» 8 сынып

3. Үлестірме дидактикалық материалдар «Химия»

4. «Олимпиадалық тапсырмалар» жинағын құрастыру

5. Даму бағдарламасын жасау.

Модульдік оқыту технологиясымен жұмыс істеудегі мақсатым, оқушыға сапалы білім бере отырып әр оқушыда:

1. Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру

2.Таным процесін дамыту

3.Танымдық қабілеттерін дамыту

4.Сөздік қорын дамыту

5.Өзара көмек және бірге бастан өткізу.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет

4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б

5. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы,2005. -233 б.

6. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.

7. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.

8. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.

9. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.


          1. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда.

Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін таным деңгейін жоғарылату. Даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибиесіне енуде.

Информациялық қоғамға көшу процесінде информация құңдылығы өзгеріп, біздің уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы да түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениетті - информациялық мәдениеттің тууына себепші болды. Информациялық мәдениетті информациялық процестерді ұйымдастырудағы адамдардың информациялық қарым-қатынасын қанағаттандыру, қабылданған шешімдердің тигізетін әсерін болжап, әлемді біртұтас күйде көрсете алатын информацияны жасау, сақтау, өндеу, тасымалдау, бейнелеу және пайдалану істерін тиімді ұйымдастыру жолындағы жеткен деңгей түрінде қарастыру керек.

Жалпы информатиканы орта сыныптарда оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Информациялық қоғам қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып саналады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың алдыңғы қатарларының ой еңбегінің жемісі болып табылатын информациялық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Дипломдық жұмыстың қорытындысы да төмендегідей тұжырымдалады:


  1. Оқу үрдісінде жоспарлау, қолдану және оқушылардың білімін жетілдіруде жаңа педагогикалық технологияны енгізу тиімді екені анықталды.

  2. Қазіргі заман талабына сай жаңа педагогикалық технологиялардың үлгілерін пайдалану – жас ұрпақтын білімін жетілдіруде, тәрбиелеуде, білікті, іскер, шешімді тұлғаларды қалыптастырудың ықпалының маңызы анықталды.

  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жоспарлап, өзіндік жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда ұжымдық және модульдік технологияның артықшылығы байқалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет