Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет42/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Практикалық жұмыстар
Әдістемелік нұсқау:
Практикалық сабақта төменде көрсетілген қызметтер атқарылады. Әр сабақта кітаппен, Интернет ресурспен жұмыс жүргізіледі. Әр тақырып бойынша негізгі сұрақтар ашылуы тиіс. Сабақ мақсатына жетуге ұмтылу – әр студенттің өзін-өзі бақылап, бағалауына мүмкіндік береді.


1 сабақ: Негізгі дидактикалық теориялар
Мақсаты: негізгі дидактикалық теорияларды оқып-үйрену
Негізгі сұрақтар:

  • Негізгі дидактикалық теориялар;

  • Глоссарий.

Әдістемелік нұсқау:

  1. Дидактикалық жүйе туралы мағлұматтар жинау

  2. Оқыту-дидактикалық жүйе ме, дидактикалық модуль ме?

  3. Жинақталған материалдардан негізгі ұғымдарды анықтамалық ретінде жазу

Әдістері: глоссарий құру
Бағалау критерийі:
90-100 сабақ мақсатына толық жетеді, өз бетімен негізгі сұрақтарды ашады, еркін баяндайды, уақытты ұтымды пайдаланып, мазмұнды құрады
70-89 сабақ мақсатына жетеді, негізгі сұрақтарды ашуға тырысады, дегенмен мәтін көп, түзетуді қажет етеді
50-69 сабақ мақсатына толық жетпейді, негізгі сұрақтарды ашуға тырысады, дегенмен мәтін көп, түзетуді қажет етеді, педагогика мен пән арасындағы байланысты пайдалана алмайды
25-49 нәтижесі сабақ мақсатына сәйкес келмейді
0-24 сабақта жұмыстанбаған
Әдебиеттер:
2-сабақ: Информатикадан білім мазмұнын жобалау
Мақсаты: Дәріс бойынша өткен мәліметтерге сүйеніп, берілген кестені толтыру. Информатикадан білім мазмұнының мәселелерін анықтап, оның шешу жолдарын қарастыру.
Негізгі сұрақтар:
1. Информатиканың білім мазмұнындағы мәселелер
2. Мәселелерді шешу жолдары (авторлық ұсынба)
Әдістемелік нұсқау:
1. Информатиканың білім мазмұнымен танысу
2. Білім мазмұнындағы мәселелерді анықтау үшін қазіргі оқыту жүйесінің нәтижесін талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет