Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет39/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

14 – дәріс: Жобалық оқыту әдісі
Мақсаты: Жоба жұмысының түрлері, мақсаттары мен міндеттері, қойылатын талаптары туралы мағлұмат беру.
Қарастырылған негізгі сұрақтар:
1. Жоба жұмысының мақсаттары мен міндеттері
2. Жоба жұмысының түрлері: орындау мен рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқау
3. Жоба жұмыстарына қойылатын талаптар
1. Жоба жұмысының мақсаттары мен міндеттері
Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған жаңа принциптері жаңа оқыту әдістерін талап етеді, солардың бірі жоғары оқу орындарында студенттерді жобалық жұмыс орындауға үйрету болып табылады. Жоба әдісі - студенттердің шығармашылық кабілетін барынша корсетумен қатар, студенттерге өздерін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күштері мен білімін пайдалануға жэне белгілі бір нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Жоба жұмысы жоғарғы оқу орнының студентін кәсіби дайындау жүйесіндегі ең қажетті элементтерінің бірі десек те болады. Бұл дайындық студенттің өзіндік зерттеу қабілетінің қалыптасуын, (оның ішінде мәселені қарастыруы, мағлұматтың жиынтығы мен өңдеуі, тәжірибе жүргізу, талдаудан алынған нәтижелерді) шығармашылык қабілет пен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Жоба жүмысы оқу барысындағы алынған білімді интеғралдауға және өмірлік нақты мәселелерғе жақын жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Жоба әдісі әрдайым мәселенің шешімін болжайды. Мәселенің шешімі бір жағынан жинақтар, түрлі әдістер мен оқу қүралдардың қолданылуын қарастырса, екінші жағынан білімнің интегралдау қажетгілігін болжап, оны түрлі пәндерде қолдануды, кәсіби бағытталған міндеттерді шешудегі шығармашылык қабілеттер мен технологиялардың пайдаланылуын қарастырады. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде зерттеу, іздену, мәселелік әдістер мен шыгармашылық жиынтықты өзінің мәні бойынша болжайды. “Менің барлық біліп, үйреніп жатқаным маған қай жерде, не үшін қажет, осы білімді қалай пайдалануыма болады?” - жоба әдісін заманауи түсіндірудің ең негізгі тезисі болып табылады.
Жоба (латын тілінде projectus , алға қойылған деген мағынаны білдіреді):
1) қандай да бір қүрылым мен бұйым жасауға арналған қүжаттар жиынтығы, есебі, сызу және т.б.;
2) қандай да бір кұжаттың алдын ала берілетін мәтіні;
3) ой, жоспар.
Жоба әдісінің негізі - жоба түсінігінің мәнін беретін, оның теориялық және практикалық мәселелерді шешу кезіндегі нәтижеге деген прагматикалық бағыттылығы болып табылады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін өзіндік ойлау, мәселені тауып оны шеше білу қабілетіне, осы мақсаттағы түрлі саладағы білімді пайдалану, нәтижелер мен түрлі шешімдердің соңын болжай білу қабілетіне ие болуы қажет. Жеке қорытындылық жоба студенттің тәжірибелі бағытталған міндетінің шешімі бойынша өзіндік мәсслелік -ізденісінің өнімін көрсетеді. Бұл жоба біліктілік жұмысының шеңберінде жобаны көрсету мен кәсіби ортада, нәтижелі әрі мақсатты түрде жүзеге асыру қабілеттерін көрсету мақсатында орындалады: педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, аналитикалық, элеуметтік-құқықтық. Бүл мақсат жобаның төмендегідей міндеттерін көздейді:
• жоспарлауды үйрену (студент мақсатын қолдана алуы, мақсатқа жету үшін басты қадамдарын белгілеуі, жұмыс барысындағы барлық мақсаггарға қол жеткізу ойластыра алуы керек);
• материалдар, мағлұматтар өңдеуі мен дағдылар жиынтығын қалыптастыру (студент дұрыс мағлұматты таңдап, оны қолдана білуі керек);
• мақсатына сай әртүрлі талдау жасау (креативтік және сыни түрде);
• жазбаша есеп бере алуы: студент жұмыс жоспарын нақты құруы , мағлұматты анық ұсынуы, библиография жайында түсінуі керек;
• жұмысына деген дұрыс көзқараста болуы керек: студент бар ынтасын білдіруі, жүмысты жоспар бойынша уақытылы орыңдауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет