Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Жалпы білім беретін орта мектептер үшін информатиканың үздіксіз курсының мазмұны



бет6/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1. Жалпы білім беретін орта мектептер үшін информатиканың үздіксіз курсының мазмұны.


2. Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
3. Жалпы орта білім беретін орта мектепте информатиканы жаңартылған мазмұн бойынша оқыту құрылымы.
4. Информатиканың оқу бағдарламасындағы мәселелер


1. Жалпы білім беретін орта мектептер үшін информатиканың үздіксіз курсының мазмұны
Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік ұстанымдарды игерту бағыттарын белгілейді.
В.С.Ледневтің пікірінше білім мазмұны тұтас үш үдерістің бірігуі ретінде қарастырылады. Ол біріншіден, алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеру, екіншіден жеке тұлғаның топологиялық жағын тәрбиелеу, үшіншіден адамның дене және ақыл-ой дамуын сипаттайды. Іс-әрекеттің негізгі түрі - оқыту, басқаша айтқанда білім берудің ең басты мақсаты - тәжірибені меңгеру деп түсіндіреді. Ал, тәрбиелеу мен дамыту жақыннан әсер ету аймағы іспетті жүзеге асырылады.
Б.Т.Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнына қатысты оны қалыптастырудың негізгі жалпы әдіснамалық қағидаларын:
• оқу материалының жалпы білім беру сипаты,
• мазмұнның азаматтық және адамгершілік бағыттылығы,
• оқу материалының қоғам өзгерісіндегі практикамен байланысы,
• оқу материалының негізгі және жүйелік бейнелеуші сипаты,
• оқу курсының интегративтілігі,
• білім мазмұнының гуманитарлық-этикалық бағыттылығы,
• оқу материалының дамытушылық сипаты,
• оқу пәндерінің өзара байланыстылығы мен өзара себептілігі,
• білім мазмұнының эстетикалық аспектілері түрінде көрсетеді.
«Білім мазмұны оқушының жан-жақты дамуына, ойлау мен танымдық қызығуды қалыптастыруға және білімді келесі сатыларда жалғастыру мен болашақ еңбек қызметіне қажетті негізді құрайды.» (П.И.Пидкасистый)
Білім мазмұны бір жағынан алғанда, қоғамның ағымдағы және перспективалық сұранысын бейнелейтін оқушының оқу-танымдық әрекетінің басты шарты. Екінші жағынан алғанда, бұл қызмет оқушының құрастыруы мен іске асыру сайманы және оқуда индивидтің тұлғалық сұранысын қанағаттандыратын құрал, тұлғаның даму және негізгі мәдениетінің қалыптасу құралы болып табылады.
Мектептегі білімді ізгілендірудің анықтаушы факторы ретінде білім мазмұны қазіргі талаптарға сәйкес дамып отыр. Білім мазмұнын жан-жақты талдай келіп, мектептегі оқу материалдарын ұйымдастыру формасы ретінде интеграциялауды және оның оқу жоспарындағы орнын, берілу нәтижесін жоспарлау жолдарын көрсетіп береді. (М.Ж.Жадрина)
Қазақстандағы қазіргі қолданылып отырған білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушыларды белгілі бір кажетті икемділіктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап енбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды оқу-тәрбие мазмұнын құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынған.
Информатиканы оқыту тұжырымдамасының алғашқы нұсқалары 1989-1991 жылдары Кеңестер Одағы шеңберінде жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді ақпараттандыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жеке ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы құрылды, ол соңғы рет 2013 жылы жаңартылды.
Тұжырымдама білім беру жүйесін демократияландыру қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған. Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьекті, мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін субьекті ретінде танылады.
Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде информатиканы оқыту оқу бағдарламасы арқылы анықталады. Мұндағы басты ерекшеліктерді былай көрсетуге болады:
- оқу мақсаттары ұзақ мерзімді жоспарда көрсетіледі.
- барлық пән бойынша әр сыныпта ортақ тақырып беріледі.
Информатика курсының мазмұны. Мектептегі информатика курсының мазмұнын талдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. «Информатика» оқу пәнінің мазмұны «Информатика» ғылымы арқылы анықталуы тиіс. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әр түрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік пен жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, икемділігі дағдыларына сай болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым тілде баяндалуы кажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет