Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар



бет7/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

2. Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі», деп көрсетілген. Білім берудің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болу қажет. Бұл білім беру үдерісінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз үдеріс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз үдеріс болуы қажет.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (алдағы уақытта стандарт, ҚР МЖМБС) - білімнің соңғы нәтижесін айқындайтын негізгі құжат. Информатика бойынша пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді. Сонымен қатар, негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін, мектеп түлектеріне информатика пәні бойынша қойылатын талаптарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарын сәйкес ҚР МЖМБС-на төмендегі мәселелер енгізілген:
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына койылатын талаптар
1-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жалпы орта білімнің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар
2-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
2-параграф. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
4-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
2-параграф. Білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптap


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет