Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану (Баяндама)



бет1/16
Дата05.02.2022
өлшемі275,77 Kb.
#16739
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жоспары:

І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім
1. Жаңа инновациялық технологиялар түрлері
2. Ойын технологиясы
3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану
4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану
5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологиясын пайдалану
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе


 Қазіргі кезеңде дербес компьютердің ғылымда, техникада,экономикада тіпті өндірістің кез келген саласында кеңінен қолданыла бастауымен оның маңызы туралы айтып, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Елімізде қазіргі әлеуметттік-экономикалық даму жағдайы да компьютерлік технологияны жаппай пайдаланумен сипаттталады.
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.
Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.
Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әр сабағы оқушының сезіміне, ынтасына әсер етуі керек. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс- тәсілдері сан-алуан.Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды зерттеушілікке баулу, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шешу,танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.
Осыған байланысты іс-тәжірибемде мынадай қағидаларға сүйенемін:

  • оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;

  • оқушының компютерлік сауаттылығын жетілдіру;

  • оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет