Бас мәзір, терезе, терезенің стандартты элементтері.
Терезе түрлері. Тереземен жұмыс.
"Жарлық" ұғымы.
"Жолсерік" программасы
Стандартты программалар: Блокнот, WordPad, Paint.
WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрайалды.
Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).
1. Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
компьютердің барлық апараттық құрал-жабдықтарын басқару;
файлдың жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса Windows жүйесі;
бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
2. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.
Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі Windows терезесінің экранды толығымен жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
толық экранды терезе яғни терезе экранды толығымен алып тұрады.
Қалыпты күйегі терезе яғни терезе экранның белгі бір бөлігін алып тұрады.
Белгіше (пиктограмма) түрінде яғни яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым.
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсін элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар құрал жабдықтар. (қалам, өшіргіш, қарындаш т.б) орналасуы мүмкін. Олар, біздің қалауымызша столда әр түрлі күйде орналаса алады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін диспелей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілері түрінде орналасқан.
WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столында келесі элементтер орналасқан:
Менің компьютерім (My computer) – компьютердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;
Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;
Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;
Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;
Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;
The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;
The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.
Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) батырмасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.
Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” жарлығын қоюға болады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.
Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.
Жұмыс столының түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.
Белгішелер, жарлықтар, бумалар.
Белгіше ( I )-бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені функцияны, файлды, т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда айналады Экранда мынадай белгішілер кездеседі:
Жарлық (shortcut)-бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынасы жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы жарлық арқылы каталоктың жемдегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т.б Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы егер жұмыс столында файылдың өзі орналастырылған болса онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де біз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да бастапқы файлдар еш бір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директори ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын біртектес бола береді.
Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.
Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.
WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.
“Тышқан” тәрізді графикалық сілтеме.
Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал онда- санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.
Келесі операция – шерту (click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады. Мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздегі, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын басып жылдам қайта қоя беру. Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, обьектілерді елгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т.б. қолданылады.
Келесі операция- тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелер мен шарт белгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Обьектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз. Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмыс істеу кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipbaard) ретінде пайдаланады. Буфер әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті жағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттердін бір- біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері, сурет, кесте және т.б. обьектілер алынуы мүмкін.
Windowsты іске қосу
Windows 98 операциялық жүйесі компьютер қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows 3.х жүйесі MS- DOS үстіндегі тапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда Win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы, С:> Win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жүктелу кездегі стандартты белгі шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бегіне экранда тура берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндай мамандар көмегі қажет болады.
Windows жүктелгеннен кейін экранға “жұмыс столы” шығуы тиіс, Windows 3.х жүйесінде Программа диспечері шығады да, Windows 98-де жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.
Windows жүйесімен жұмысты аяқтау
MS (РС) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютердігі сөндіру ісі оп- оңай орындалады, оның ток келетін қосқымын ажыратса болғаны.
Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мұндай әрекет орындау қажет:
жұмыс істеп тұрған программаларды табу ( аяқтау)
Windows тен тығып жұмысты аяқтау ісін орындау.
Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мындай әрекеттер орындалуы тиіс.
Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелін батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының ішінен Жабу командасын таңдау қажет.
ОК басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.
Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып бергіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғаның белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.
Windows 98 жүйесінде.
Тышқан курсорыніске қосу батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен Windows- пен жұмысты аяқтау командасын таңдау қажет. Мұнан кейін Windows-бен жұмысты аяқтау атты сұхбат терезені экранға шығады. Бұл терезені Alt + F4 пернелері арқылы да шығаруға болады. Alt + F4 пернелері кез – келген терезені жабу ісін атқарады.
Экранға сұхбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы “Компьютерді” өшіру жолын таңдап алып, Иә басқару батырмасын басу керек.
Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны.
Windows жүйесінің аяқтап терезені жапқанша күте тұрып соқынан компьютерді сөндіру қажет.
Егер (ұсынып) істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқтамаған программалар бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды орындайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. ОЖ-ның керектігі?
2. ОЖ –ні жүктемелеу процесі қалай жүреді?
3. Windows мүмкіншіліктерін ата?
4. Операциялық жүйе дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер :
Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004
Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
MSWINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001
Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004
Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996
Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.